ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 2 ОҚЫТУШЫСЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА!

Жыл сайын жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларын анықтау үшін байқау өткізілетіні белгілі. Бүгінде дәстүрге айналған осы іс-шара, шын мәнісінде, педагогтар мен оқу ордалары арасындағы бәсекелестікті арттырып отыр. Мәселен, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» байқауына былтыр 76 жоғары оқу орнынан барлығы 718 үміткер бақ сынаған болатын. Жақында республикалық конкурстық комиссия конкурстың қорытындысын шығарып, 45 білім мекемесінің 150 маманы үздік деп танылды.

Республикада үздік атанған жеңімпаздар арасында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің екі оқытушысы бар. Озық шыққандар – университеттің «Мұнай-газ және тау-кен ісі» кафедрасының меңгерушісі Арман Қабдушев пен Технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының PhD докторы Маржан Қалмаханова. Олар енді үздіктерге берілетін арнайы төсбелгінің иегелері ғана емес, жоғары оқу орнындағы миллионер мамандар. Олай дейтініміз, конкурс жеңімпаздарының әрқайсысына 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы беріледі. Ал бұл шамамен 6 миллион теңгеге жуық қаражат.

 
Кабдушев Арман Арстангалиевич
 
Калмаханова Маржан Сеитовна
 

Конкурс Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінің базасында өткен болатын. Соның арқасында қатысушыларда барлық кезеңнің ашықтығын бақылауға мүмкіндік болды. Өтінімдер мен құжаттар да электрондық форматта қабылданғанын айта кеткен жөн.

Прочитано 951 раз
Top