Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ҚР ҰҒА академигі ф.ғ.д., профессор Дихан Қамзабекұлының төрағалығымен «8D023 – Тілдер және әдебиет» кадрларды даярлау бағытында «6D020500 – Филология», 6D021400 – Әдебиеттану», «8D02305 – Филология», «8D02314 – Әдебиеттану» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ұлпан Сәменқызы «Көркем шығармадағы тұлға концепциясы (қаламгер және кейіпкер)» тақырыбында диссертациясын сәтті қорғады!
Отандық ғылыми кеңесші - ф.ғ.д., профессор Рақымжан Сағымбекұлы Тұрысбек, шет елдік ғылыми кеңесші - PhD, профессор Селами Федакар.
Ресми рецензенттер: Амангелді Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының доценті, ф.ғ.к. Лаура Дауренбекова және М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының аға ғылыми қызметкері ф.ғ.д., профессор Гүлжаһан Орда.
Ұлпан Сәменқызына алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, сәттілік және шығармашылық шабыт тілейміз!