АҚЫННЫҢ ЖЫРЫН ЖАСТАР ЖАТҚА ОҚИДЫ

Тіршілігінде талантымен талай жырды туғызып, талайды тамсандырған Мұқағали қаламының қуатын, өлеңінің өміршеңдігін дәл болжап кеткен ақын. Оның жырлары жаңа ғасырда да ауыздан-ауызға көшіп, көңіл көкжиегінен түспей келеді. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің  «Ұстаз» институтының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы  ұйымдастырған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай өткен «АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН АҚЫН» атты әдеби кеш – соның бір айғағы.

Әдеби іс-шарада ақынның жырлары оқылды. Ақынға өз арнауларын арнаған студенттер өз туындыларын көпшілікке паш етті. Ақынның өмір жолы мен әдебиеттегі орны туралы сұрақтар қойылып, келелі әңгіме өрбіді. Соңынан қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Тұрсынай Абдықадырова ақынның шығармаларына тоқталып, іс-шараға белсенді атсалысқан қатысушыларды алғыс хатпен марапаттады.

 

 

Top