ЖАҚСЫ НӘТИЖЕ

«Тараз-Арена «  спорт сарайында «Біз терроризм мен діни экстремизмге қарсымыз» ұранымен  «Көше ойындары – 2021»  бойынша Жамбыл облысының чемпионаты аяқталды. Үш күн бойы қатысушылар үш жас топтары бойынша жарысты: 16 жасқа дейін; 16 жастан 21 жасқа дейін; 21 және одан жоғары. Чемпионатқа Қордай, Жуалы, Т.Рысқұлов, Меркі, Талас, Мойынқұм, Жамбыл аудандары мен Тараз қаласының командасы қатысты.

 Спорттық бағдарламаға: стритбол, стритворкаут, армрестлинг, масс-рестлинг, армлифтинг, гір спорты, арқан тарту енгізілді. Жалпыкомандалық бірінші орынды Тараз қаласының командасы иеленді. Екінші орынды Т. Рысқұлов командасы алды. Ал жүлдегерлердің үштігін Жуалы ауданының өкілдері қанжығалады.

 Біздің студенттер қала намысын қорғап, белсенді қатысты. Стритворкаут бойынша жарыста, қос сайыста: турникте тартылу + қосымша салмағы бар брустарда сығу +16кг, 16 жастан 21 жасқа дейінгі жас тобында бірінші орынды «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4 курс студенті Жеңіс Бекзат иеленді. 

 Қоссайыста: кермеге тартылу қосымша салмақта +24 кг брустардағы тартылулар, 21 және одан жоғары жас тобында бірінші орынды «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалау»  мамандығының 4 курс студенті Досай Мұқасан иеленді.   Үшінші орынды «Ақпараттық жүйелер»  мамандығының 4 курс студенті Әділет Жеткерген иеленді. 

Осы аталған барлық студенттер «Стритворкаут»  үйірмесіне қатысады, осы үйірме жаттықтырушысы Болат Көпбаев Дулати университетінің "спорт менеджменті" кафедрасының аға оқытушысы. 

Стритболдан, яғни көше баскетболынан жарыстардан Тараз қаласының командасы бірінші орынға ие болды. Команда құрамында екінші курс студенті Станислав  Евтушенко қатысты. Балаларды біздің ЖОО оқытушылары, тренерлер Азизжон Турсумбаев және Дастан Джылысбаев дайындады және хатшы қызметін Наталия Сиротина атқарды.

199235664 2752543758390853 9131703468914975203 n

d84ec44b d23b 4073 9ccb 0d034e0e68f2

e7fedf37 fab0 4445 afee ae8d3de1b8e5

 ДАСТАН ДЖЫЛЫСБАЕВ

Прочитано 990 раз
Top