МУЗЕЙ

ТУЙЕБАЕВА ЛЕСКУЛ БАЙЛЕПЕСОВНА

Заведующий музеем

Контактный номер: 8-747-031-35-48

Адрес: ул. Сулейманова 7

Направление деятельности

Біздің университетіміз облысымыздағы білім ошағы ғана емес үлкен мәдени орталық. Қазақстанда санаулы жоғары оқу орындарында ғана өз университет тарихынан сыр шертетін университетте музей бар. Бүгінгі таңда музей мәдени институт мәртебесіне ие болып, халықтың білім деңгейін арттырып, оларға эстетикалық тәрбие берудегі басты факторының біріне айналды. Мұражайға қарап, оның Тараз өңіріндегі халықтың тыныс- тіршілігінен толықтай мәлімет алып, қыр-сырын тануға болады. Ол біздің болашақ жастарымыздың өркениеттілігінің белгісі. Студенттеріміздің рухани ой-өрісін дамытуда, мәдени сауатын арттыруда қосып отырған үлесі де зор.

Бұл бағыттар М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма төрағасы – Ректордың м.а., педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Н.Сарыбеков басшылық жасаған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің атқарып жатқан кезіндегі даму белестер істері де жетерлік болды.

Өйткені, мұражай ашу, оны тарихи жәдігерлермен толтыру, болмаса заман талабына сай имиджіне қатысты түрлі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жаңартуда ауқымды қаражат пен тынымсыз ізденісті қажет ететін іс. Міне, осы айтылған істің куәсі ретінде 2001 жылдың 5 маусымында ашылғанан бері музей ішіне ешқандай жаңарту жұмыстары жүргізілмей, ректорымыз Мақметқали Нұрғалиұлының басшылығымен университетіміздің 60 жылдық мерейтойы қарсаңында 2018 жылдың қазан айына жоспарланғаны бойынша, мұражай 2018 жылдың мамыр айынан тамыз айына дейінгі аралықта үлкен жөндеу жұмыстары да жүргізілген.

Зал көріністері

1-зал

2-зал

3-зал

4-зал

5-зал

6-зал

Мұражай ішіндегі жәдігерлер жоспарлы түрде жылына бір рет инвентарлық тексеруден өткізіледі. Ал қоры негізінен сыйға тарту арқылы толықтырылады, Сондықтан «Мұражайға сый тарту» акциясын өткізу туралы ректордың тікелей өкім етуімен 2019 жылдың 16-26 қазан аралығында университетте Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Университет музейіне сый тарту» акциясы өткізілді. Аталған іс-шараға университеттің барлық факультеттері мен құрылымдық бөлімдерінің қатысуы міндеттелді.

Сонымен қатар, бұрынғы ректорлық қызметте болған. Мысалы: Ө.Мадиевтың 45 жыл жан жолдас болып келген домбырасы, В.Қ.Бишимбаевтың Ұлы Хартияға барғанда алып келінген статуэткасы, ЖЖТӨИ-ның ректоры М.Мухаметкалиевтің жеке құжаттары,С.А.Ахметовтың Елбасы Н.Назарбаевпен ойнаған ракеткасы, ТарМУ ректорторы болған М.Н.Сарыбековте Үндістанға барғанда берілген «Жез шайнек» , естелік заттары да алынып қойылды .

Бұдан басқа мұражай қорына сыйға тарту арқылы ұйымдастырылған акцияның көмегімен торсықтар, қылқобыз, ағаш ыдыс-аяқтар, әшекей бұйымдар, басқа елдердің теңгелері, студенттердің дипломдық жұмысынан жақсы жұмыстары да, жиналып қойылған. Музейдің кейбір экспонаттары ағаш, тері, мата, тоқыма, киіз, қағаз, темір заттарынан жасалғандықтан жәдігерлерді шаң–тозаңнан тазалау үшін аптасына бір рет күрделі санитарлық тазалықтан өткізіп отырамыз. Жылына бір рет биологиялық режимді сақтау үшін СЭС тарапынан дезинфекциялау жүргізіледі.

Мұражай 1998 жылы үш жоғары оқу орны: Жамбыл университеті (ЖамУ), Жамбыл гидромелиорация құрылыс институты (ЖГМҚИ) және Жамбыл жеңіл және технологиялық өнеркәсібі институтының (ЖЖТӨИ) бірігуі нәтижесінде дүниеге келді. Ол Жамбыл облысында жоғары білім беру ошағының даму тарихын, ғылым және мәдениеттің аймақтық орталығының өсу жолдарынан құнды мәлімет беретін Қазақстандағы музейдің бірі болып табылады. Музей дизайнын жасаған, елімізге еңбегі сіңген архитектор Сапаргалиев Малик Кинаятович.

Залы музея

Бірінші зал: XVIғ. – ғасырдың ұлы ғалымы, тарихшысы, ойшыл, мемлекет қайраткері М.Х.Дулатиге арналған зал. Мұнда университетімізде тарихи үрдісіне айналып үлгерген, М.Х.Дулати бабамызға арналған халықаралық ғылыми конференциялардың материалдары мен фотостендтері ілінген. М.Х.Дулатиды әлемге танытқан төл еңбектері «Жаһаннама», «Тарих-и-Рашиди» кітаптары, фотосуреттері, сондай-ақ, залдың төрінде бабамыздың бюстінің орналасуы – залдың көркін ашып, ерекшелендіріп тұрады. Жалпы қазақ Герадоты атанған тарихшы, ғұлама ақын әрі дипломат Мұхаммед Хайдар Дулати бабамыздың өмірі мен шығармашылығы жайында мол деректер жинақталған.

1999 жылы университетіміздің білімді де білікті профессорлары мен ғалымдары бастаған делегация өкілдері, Үнді жерінің Кашмир штаты, Сринагар қаласына бабамыздың жерленген жеріне барып, құран бағыштап жамбасы тиген жерден туған еліне топырағын әкелді. Залдағы ең құнды жәдігер ретінде музейдің төрінде сақтаулы. Үнді жерінен алып келген сыйлық кітаптар және бейне таспалар осы залда орналасқан.

Арадан 19 жыл өте 2018 жылдың каңтар айының 23-28 аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің тоғыз адамынан құралған делегациясы Үндістанға сапар шегіп, Кашмир аймағының Сринагар қаласындағы М.Х.Дулати қабірінің қайта жаңғыртылу рәсіміне қатысып қайтқан еді. Осы сапардың аяқталуына арналған митинг Ұлы бабаның ескерткіші алдында өтті. Митингіні педагогика ғылымдарының докторы, профессор және университетіміздің ректоры М.Н.Сарыбеков ашқан.

М.Х.Дулатидың қайта қалыпына келтірілген, жөнделіп, жаңартылған қабірін жаңадан жасалынған анықтамалық тақтаға жазылған мәтінді біздің университет ғалымдары көріп, ондағы ұйымдастырылған ресми іс-шараларға қатысты. «Мұхаммед Хайдар Дулати – Үндістан және Қазақстан қарым-қатынасының алтын көпірі»атты ғылыми-практикалық конференциясы өткен. Конференцияда атқарылған жұмыстарды ескере отырып, музей ішіне тағы бір стенд бұрышы жасалынып, осы М.Х.Дулати бабамызға арналған залынан орын алды. Осыған орай университет музейіне ректорымыз Үндістаннан әкелінген чайник самоварды табыс етіп, қордың молайюына үлесін қосты.

Екінші зал: Жамбыл облысының институттары мен университеттерінде басшылық қызметте болған ректорлар залы – Жамбыл облысы институттарында және Тараз мемлекеттік университетінде басшылық қызметте болған ректорлардың портреттері ілінген және еңбектері, алғыс хаттар, құттықтау қағаздары қойылған. Залдың төрінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың университет ұстаздары мен студенттеріне жылы лебізін білдірген қолтаңба дәптері, сондай-ақ отырған орындығы, үстелі сақтаулы тұр.

Мұражайдың үшінші залы университеттің кешегі мен бүгінгі даму тарихына арналған үлкен бөлімнен тұрады. Залда ҰОС ардагерлеріне, университетінің алғашқы белгілі спорт шеберлеріне, білімгерлердің спорттық жетістіктері туралы фотостенд, дипломдар, кубоктар, марапаттау қағаздары көрініс тапқан. Залға сонымен қатар «Біздің түлектер» университетімізден білім алып үлкен-үлкен қызметте отырған қоғам қайраткер аға-апкелеріміздің суреттері мысалы: мақтаныштары атақты Г.Абдықалықова, А.Смақова, И.Тортаев, С.Қонақбаев, Б.Жұмәділов, Б.Артаев, О.Сәттібаев., Б.Ыстыбаев осы оқу орнының түлектері атты бұрыш жасалынып онда.

Мұражай залында университеттің барлық факультеттері, құрылымдық бөлімдері, әскери кафедрасы жайлы толық мәліметтер фотостенд түрінде берілген. Әр факультеттің бүгінгі күнге дейінгі ғылыми-педагогикалық баспадан шығарылған жинақтары, жетістіктері, наноинженерлік ғылыми зертхана ғалымдарының еңбектері қойылған. Қоғам қайраткері, ғалым М.Ф.Үркімбаевқа арналған бұрыш жасалынған.

Мұражай қорында 1958 жылдан бастап қаланған өңіріміздегі іргелі оқу ордасының, үш институттың даму тарихын көрсететін архивтік материалдар, фотосуреттер, құндылығы бар құжаттар сақталған.

Халықаралық байланыс (4 ) залында: университетіміздің алыс және жақын жоғарғы оқу орындарымен келісім шарт жасалынған «Мемарандум» кітабы, ғылыми, мәдени байланыстар жасалынған Азия, Европа және Америка елдеріндегі жоғары оқу орындарының ту белгілері және келген қонақтардың қолтаңбасы мен тілектері жазылған кітап қойылған. Бөлімдегі стендттерде АҚШ-тың Фресно, Индиана университетімен жасалған келісім шарттары, ғылыми педагогикалық байланыстары туралы мәліметтер, ТарМУ-дің Италия мемлекетінің Болония қаласындағы Ұлы Хартия құрамына мүшелік болуы туралы келісімге қол қою рәсімінен суреттер, СМЖ туралы фотостендттер ілінген. Сонымен қатар осы залда орналасқан дөңгелек үстелде студенттермен жиі кездесулер, әр түрлі фото сессиялар т.б іс-шаралар өткізіледі.

Соңғы 5-зал– қазақ халқының тұрмыстық-этнографиялық өмірін бейнелейтін қолөнер туындыларымен көрініс береді. Ерекше бағаланатын құнды жәдігерлер университеттің профессор-оқытушы құрамының, студенттердің дипломдық жұмыстарынан жасалынған жұмыстары музейге сыйлаған жәдігерлерімен жинақталған, сондай-ақ, Жамбыл облысы өңірінің қысқаша тарихи этнографиялық көрінісін береді. Бұл зал шетелден келген қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырады. Зал экспонаттары бай материалдарға толы, ертедегі шаруашылық астық сақтайтын құмыра VII-VIII ғ.ғ. құралдары, пышақтар, балталар, керамикадан, қоладан, мыстан, тастан, теріден, жүнен жасалған үй шаруашылық бұйымдары қойылған. Орта ғасырлардағы белбеу мен жүген, ер тоқым, ер тұрман, ескі ақшалар, XVIII ғ. күмістен жасалған тұмарша, білезіктерді кездестіруге болады.

Сонымен қатар, мұражайға келушілерді қызықтыратын ерекше орын - «Табиғат атауы» атты бөлім. Мұнда Қаратау өңірі, Берікқара ауылының шебер қолды тұрғыны жасаған аңшылық шитті мылтық сыйға тапсырылған. Мойынқұм ауданы сыйға тартқан мулляж, сондай-ақ, қазақ қасиетті тұтатын қыран бүркіт, қаршыға, талас қырғауылы, бөдене, сұңқар сияқты құстар да сақтаулы тұр.

Университетіміз осы бағытта педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Н.Сарыбеков басшылық жасайтын М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің мұражайы 2018 жылы үлкен капиталдық жөндеуден өтіп, көздеген жұмыстарын еш алаңсыз атқарып жатқан даму белес істері де жетерлік.

Университетімізде жылдар бойы жиналған құнды дүниелеріміз келешек ұрпаққа мұрты бұзылмай, жүйеленіп, айшықталған күйінде жетуге тиіс. Бүгінгі күніміз ертең-ақ тарихқа айналады. Ол тарихта жаңа заманды бастаған серпінді Қазақстанның мәдени талғамы мен парасаты биік көрінуі керек. Осылай деп сенеміз және осы жолда аянбай еңбек етуіміз қажет.

Ерекше бағаланатын құнды жәдігерлер университеттің профессор-оқытушы құрамының, студенттердің дипломдық жұмыстарынан жасалынған жұмыстары мұражайға сыйлаған жәдігерлерімен жинақталған, сондай-ақ, Жамбыл облысы өңірінің қысқаша тарихи этнографиялық көрінісін береді. Бұл зал шетелден келген қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырады. Зал экспонаттары бай материалдарға толы, ертедегі шаруашылық астық сақтайтын құмыра VII-VIII ғ.ғ. құралдары, пышақтар, балталар, керамикадан, қоладан, мыстан, тастан, теріден, жүнен жасалған үй шаруашылық бұйымдары қойылған. Орта ғасырлардағы белбеу мен жүген, ер тоқым, ер тұрман, ескі ақшалар, XVIII ғ. күмістен жасалған тұмарша, білезіктерді кездестіруге болады.

Қорыта айтқанда, мұражайымыз – еліміздің ең ірі білім ордасының бет пернесі, имиджі, тарихи қоры және корпоративті мәдениетінің басты көрсеткіші.

Сотрудники музея
КАЛАБАЕВА АКСАУЛЕ ТОРТАЕВНА

Деятельность: инспектор

Контактный номер: 8(702) 332-30-21, 8(707) 244-09-34

E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Top