2025-2026 оқу жылының басында М.Х.Дулати Тараз университетінің Кеңес құрамы мен жоспары Аналар кеңесінің ұйымы туралы ережеге сәйкес жаңартылып, толықтырылып отырады.
Бұл кеңестің құрамына Дулати университетінің ПОҚ ұстаздары, қызметкерлері мен белсенді студенттер қабылданған.
Кеңестің қызметі жыл сайын жасалатын бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Кеңестің барлық мүшелері әрқайсысының ұсыныстары мен тілектерін ескере отырып, жұмысты жоспарлауға белсенді қатысады. Аналар кеңесінің отырысы «Аналар кеңесі туралы» Ережеге және жаңа оқу жылында бекітілген жоспарға сәйкес үнемі өткізіліп тұрады. Біздің басты міндетіміз, ол отбасылық құндылықтарды сақтау,келешек ұрпақтың тәрбиесіне баса назар аудару.
Жас ұрпаққа өзіміздің бойымыздағы ұлттық салт-санамызды, дәстүрімізді, әдет-ғұрыпымызды, тілімізді, әдебиетімізді, бойымыздағы барлық ұлттық рухани құндылықтарымызды жас ұрпаққа дарытушы біз аналар. Бәрі де анадан бастау алады. Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Яғни, туған жерге деген патриоттық сезім де, адалдық та жанұядағы ата-ананың тәрбиесі арқылы қалыптасады.
Отбасындағы құндылықтарды сақтауға нәзікжандылардан құралған бұл кеңестің әсері зор. Аналар кеңесінің мүшелері студенттерімен кездесіп, отбасы құндылықтарын нығайту, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, жат қылықтардан бойды аулақ ұстау сияқты маңызды тақырыптар бойынша әңгімелесулер мен іс-шаралар жүргізді. Студенттерімен «Қыз тәрбиесі», «Қыз, әйел, ана» тақырыптарында дөңгелек үстел отырыстары да ұйымдастырылды. «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дегендей, отбасы мен орынтақтың тірлігін қатар ұстап келе жатқан нәзікжандылардан құралған аналар кеңесінің атқаратын жұмыстары ауқымды.
Аналар кеңесінің басты мақсаты – отбасы институтын нығайту және ұрпақ тәрбиесіне оң ықпал ету.
Аналар кеңесі – қоғамдағы отбасы, тәрбие және әлеуметтік мәселелерге белсенді араласатын ұйым. Оның негізгі бағыттары бірнеше салаға бөлінеді:
Негізгі бағыттары:
- Отбасы құндылықтарын нығайту (ПОҚ ұстаздары, қызметкерлер мен белсенді студенттер)
- Ұлттық дәстүрлерді дәріптеу
- Отбасындағы сыйластық пен бірлікті сақтау
- Қыз балалардың тәрбиесіне, инабаттылық пен мәдениетке көңіл бөлу
- Әлеуметтік қолдау
- Жатақханада тұратын немесе әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге көмек көрсету
- Қиын өмірлік жағдайға тап болған аналарға қолдау ұйымдастыру
- Әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру
- Қаржылық сауаттылықтарын арттыру
- Профилактикалық жұмыстар
-Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, ерте жүктілік, құқықбұзушылық, зиянды әдеттердің алдын алу
- Отбасылық дауларды шешуге ықпал ету (медиация)
-Психологиялық тұрақтылықты сақтау бойынша іс-шаралар өткізу
- Білім және ағарту жұмыстары
- Тәрбие, денсаулық, қарым-қатынас тақырыптарында семинарлар, тренингтер өткізу
- Психолог, дәрігер, заңгер мамандармен кездесулер ұйымдастыру
- Қоғамдық жұмыстар
- Қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастыру
- Түрлі мәдени іс-шаралар, кездесулер, акциялар ұйымдастыру
- Қоғамдық өмірге белсенді қатысуға ықпал ету
- Ұйымдармен бірлескен жобалар