Жалпы сипаттама
«Dulaty University» баспасы – М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және арнайы әдебиеттерді, сондай-ақ сұранысқа ие бұрынғы басылымдарды қайта басып шығаратын құрылымдық бөлімшесі. Баспа 2002 жылы құрылған. Баспа қызметін жүзеге асыру құқығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Академиясы Президиумының №3, 06.10.2000 ж. шешімімен берілген. 2020 жылғы 29 қыркүйекте Ғылыми кеңестің №1 хаттамасына сәйкес «Dulaty University» баспасы болып қайта аталды.
«Dulaty University» баспасы – Жамбыл облысындағы университеттік кітап шығарудың жетекші орталығы.
Қызмет бағыты
Баспаның негізгі мақсаты – университеттің Ғылыми кеңесінде бекітілген жылдық тақырыптық жоспарға сәйкес мемлекеттік білім беру стандартына сай оқу және ғылыми әдебиеттерді басып шығару, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының ғылыми деңгейін арттыру.
Басылым түрлері
- Монографиялар
- Ғылыми жинақтар
- Баяндамалар
- Рефераттар
- Бюллетеньдер
- Ғылыми журналдар
- Авторефераттар
- Брошюралар