«МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ ОНЛАЙН- САБАҒЫМ» АТТЫ ОНЛАЙН – БАЙҚАУЫ

Байқаудың ұйымдастырушысы «М.Х.Дулати  атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ  болып табылатын AP09259497 «Жаңа  жағдайдағы  Қазақстанда  педагогикалық  білім  беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» ғылыми Жобасы аясында өтеді.

Байқауға қатысуға Қазақстандық және Ресейлік жоғары оқу орындарының педагогикалық білім беру бағдарламаларының үшінші және соңғы курстарының студенттері шақырылады.

Байқауға қатысушылардың саны шектелмеген.

Байқаудың мақсаты: педагогикалық білім беру бағдарламалары білім алушыларының цифрлық құзыреттілігін дамыту, болашақ педагогтердің шығармашылық белсенділігін ынталандыру, білім беру қызметінің сапасын арттыру және білім беру процесін  ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз етуді жетілдіру.

Байқау міндеттері:

  • болашақ педагогтардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін жандандыру;
  • қазіргі заманғы инновациялық білім беру технологияларын оқу-тәрбие процесінің практикасына енгізу;
  • болашақ педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру;
  • болашақ педагогтердің әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру.

Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Байқау 2022 жылдың 1 қыркүйегінен 2022 жылдың 1 қазанына дейін сырттай түрде өткізіледі.

Байқаудың басталғаны туралы жалпыға бірдей хабарландыру smart-pedagog.kz педагогикалық порталының (бұдан әрі – білім беру порталы) веб-сайтының басты бетінде жүзеге асырылады.

Байқауға  қатысуға өтінімдер 2022 жылдың 1 қыркүйегінен 19 қыркүйекке дейін Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  электронды мекен-жайына қабылданады.

2022 жылдың 20 қыркүйегінен бастап 30 қыркүйекке дейін байқаудың қазылар алқасының мүшелері конкурстық жұмыстарды бағалауды жүзеге асырады.

Байқау қорытындысы 2022 жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей білім беру порталының сайтында жарияланады.

Байқау ережесін жүктеу

Прочитано 1358 раз
Top