Дулати университетінің студенті халықаралық байқауда жеңіске жетті

М.Х.Дулати атындағы   Тараз өңірлік университетінде «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Менің алғашқы онлайн сабағым» атты халықаралық байқау басталған болатын. Бүгін онлайн бәсекенің қорытындысы шығарылып, жеңімпаздардың есімдері анықталды.

Байқау қорытындысында Дулати университетінің 6В01501– Математика мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан   2-курс студенті Әсел Абулхаир жеңіске жетті.

Әселдің «Smart-педагог – ол кім?» онлайн өткізген сабағына сарапшылар жоғары баға берді. Екінші орынды да осы оқу орнының студенттері Анастасия Байсултанова мен Әсел Тұмабаева өзара бөлісті.

Ал үздік үштікті М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенті Жансая Жайберген, Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық   университетінің студенті   Александра   Манакова түйіндеді. Қазылар Дулати университетінің студенті Нұрай Серіктің сабағы да жүлделі 3-орынға лайық деп тапты.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде электронды дауыс беру нәтижесінде ең жоғары балл   жинаған Дулати университетінің студенті Қымбат Сарыпбек   көрермендер көзайымы атанды.

Тағы бір айта кетіні, халықаралық байқауға республикаға танымал ғалымдар, болашақ педагогтер, білім беру ұйымдарының әдіскерлері және Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің ғалымдары мен болашақ педагогтері қатысты.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Ұстаз» институтының директоры Орынқыз Жолдосова халықаралық вебинар ұйымдастырылған іс-шараның маңызына тоқталды. Ал онлайн байланысқа шыққан Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық   университетінің «Бастауыш білім берудің теориясы мен әдістемесі»   кафедрасының доценті, п.ғ.к. Наталья Жданова онлайн байқау Дулати университеті мен Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің болашақ педагогтердің   цифрлы   құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан коллаборациялық зерттеулерінің нәтижесі екінін айтып өтті.

Жалпы, болашақ педагогтердің онлан-сабақтары 5 критерий бойынша бағаланды. Оқу материалының мазмұнының дидактикалық талаптарға сәйкестігі қатаң қадағаланды. Сондай-ақ болашақ педагогтің пәндік және технологиялық құзыреттіліктерді меңгеруі және жалпы эрудициясы, сөйлеу мәдениеті мен оқушылармен   оңтайлы қарым-қатынас жасау стилі, болашақ педагогтің жалпы мәдениеті, бейнесабақтың сапасы, сюжеттік желіні құру логикасына да баса мән берілгенін айта кеткен жөн.

RLS 3825

RLS 3847

RLS 3859

RLS 3881

 

Клара БҰЗАУБАҚОВА,

"Педагогика" кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор, жоба жетекшісі

 

Прочитано 1053 раз
Top