Ізгі істер іркілмейді

Дулати университеті «Филология және журналистика» кафедрасының студенттері қалалық №1 қарттар үйіне барып мерекелік күй сыйлап қайтты.

Қазақ – қариясын сыйлаған халық. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген аталы сөз де ұлттық ұстанымға айналғалы қашан?! Десек те, бүгінде қоғамда Балалар үйінің де, Қарттар үйінің де тұрғындары жыл өткен сайын көбейіп келеді.

Қарттар үйі – қазіргі қоғамның ауыр дерті, көңілді құлазытар ауқымды мәселесі екені жасырын емес. Қазіргі таңда еліміз бойынша әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерді бас аяғы елу мыңға жуық қарт мекен еткен. Олардың бір тобы өз еркімен келдім, осында жаныма жайлы дейтін болса, көбісінің іздеу-сұрауы жоқ.

Әр қария – әулеттің тірегі, отбасы ұйытқысы, жастардың қамқоршысы. Олай болса, қарттарымызды қолдан келгенше қадірлеп, мерейін асырып жүру біздің азаматтық борышымыз болуы шарт. Мерекеге орай дайындалған студенттердің арнайы концерттік бағдарламасына қарттардың көңілі көтеріліп, бір уақыт сергіп қалды. Добырамен жырлар шертіліп, арнаулар оқылды.

WhatsApp Image 2022 10 17 at 13.50.35 1

WhatsApp Image 2022 10 17 at 13.50.36

Конвергенттік журналистика мамандығының 2-курс студенті,

Серпін СЕРІКБОЛСЫН.

Прочитано 858 раз
Top