Ғалым Бектас Жүніс атындағы аудитория ашылды

Өткенге баға беру, тұлғаны таныту – алдымен өскелең ұрпаққа керек өнеге. Алдыңғы толқынға қарап ой түзеу үшін, үлгі етіп, адал еңбекпен жетістікке жететініне үміт ету үшін қажет.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің гидрокешеніндегі ғалым Бектас Жүніс атындағы аудиторияның ашылу салтанатында профессор-ғалымдар осылай деді.

Жалпы университтегі білім беру процесін дамытуға мол үлес қосқан Бектас Жүністің атындағы аудиторияның гидрокешендегі оқу корпусында ашылуы кездейсоқтық емес. Ол осы кешенде инженер-техниктерді даярлайтын бұрынғы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының түлегі.

25 қазан – Республика күнінің қарсаңында өткен іс-шараға облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков, университеттің зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Данияр Нұрмұханбет, «Механика және машина жасау» кафедрасының профессоры Сағат Жүнісбеков, тағы да басқа бірге қызметтес болған оқытушылар, Бектас Жүністің жұбайы мен отбасы қатысты. Естеліктер айтылды. Махметғали Нұрғалиұлы өз сөзінде өмір жолында өнегесін қалдырған азаматтың есімін есте қалдыру – бүгін мен ертеңді жалғайтын ұрпақ үшін қажет екенін айтты.

Бектас Жүністің есімі Дулати университетінде, жалпы жоғары білім беру саласында ерекше аталатыны бекер емес. Оның жалынды жастық шағынан бастап, өмір және қызмет жолы осы университетте өткен. Сонау жылдарда Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын ақұрылыс-инженер мамандығы бойынша оқуға қабылданған кезден бастап солай, берік байланыс орныққан. Оқу бітіргенде бірден оқытушылық қызметке қабылданып, Мәскеуде В.Куйбушев атындағы «Мәскеу инженер-құрылыс» институтының аспирантурасын бітіріп, кафедраның аға оқытушысы атанғаннан бері де кафедра доценті, декан, проректор, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы қызметтерін атқарған

RLS 4812

RLS 4796

RLS 4823

 

Прочитано 1057 раз
Top