«ФИЛОСОФТАН СҰРА»! АШЫҚ СҰХБАТ АЛАҢЫ

Қараша айының үшінші аптасының бейсенбісі әр жыл сайын ЮНЕСКО бекіткін «Дүниежүзілік философия күні». Биыл бұл күн 17-қараша халықаралық студенттер күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Бүгін университетіміздегі «Философия және саясаттану» кафедрасы өз кәсіби мерекелеріне орай «Философтан сұра!» атты 2.1. оқу корпусының фойесінде ашық сұхбат алаңын өткізді. Еуропада мұндай ашық форматтағы сұхбат үлкен қала арбаттарында жүргізіледі. «Ask a Philosopher» деген жазуды іліп қойып кәсіби философтар халықты өмір туралы әңгімелесуге шақырады. Біздің философтарда осы форматты қолдай отырып өз кәсіби мерекелерінде студенттерді өмір туралы әңгімелесуге үстел басына шақырды. Әдепкіде тосырқаған студенттер фойеде іркіліп бірден ашылып кете алмады, бірақ кәсіби философтар топтық әңгіме-дүкен құрып олардан «Өмірің мәнге ие ме?», «Өміріңнің мәні неде?» деген сияқты қызықты сұрақтар қойып, әңгімеге тартып, оларды елітіп жіберді. Белгілі бір уақыттан соң студенттер филосфтар үстеліне кезекке тұра бастады, әрбірі 15-20 минуттай философтармен сөйлесіп, кәсіби тұрғыдан ақыл-кеңестер алып, ортақ талқылаулар жасады. Мұндай формат тек студенттерді ғана емес, сонымен қатар, фойеде ары-бері жүрген қызметкерлерді де қызықтырып, оларда үстел басынан орын сұрады. Философтармен кәсіби тұрғыдан сөйлесу университетімізге Астанадан қызмет бабымен келген мамандар үшін де қызық болды. Олар да кәсіби философтарға өз сұрақтарын қойып пікірлесу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай форматтар біздің қоғамға қажет екендігін үстел басына отыруға сұраныс білдірген адамдар қатарынан байқауға болады. Үш сағатқа созылған сұхбатта әр философ оншақты әртүрлі адамдармен пікірлесе алды.

Әр адамның ішкі энергиясы сыртқы энергиямен алмасуды қалайды, олай болмаған жағдайда ол адамға өзінің кері ықпалын тигізеді. Барлығымыз өмір сүріп жүрміз, алайда ол не?
Қоғамдық сұранысты қанағаттандыру мақсатында философтар жыл сайынғы болатын «Дүниежүзілік философия күні» осы форматтағы сұхбат алаңын жалғастыруға уағдаласты. Бұқаралық сананың жаңаруы, бүтін бір елдің жаңа сапаға көтерілуі екені ақиқат. Олай болса «Жаңа Қазақстанның» жаңа болмысын жасауға бірге ат салысайық!

2

3

4

5

Философия және саясаттану кафедрасы

Прочитано 964 раз
Top