Бітіруші түлектер жұмыс берушілермен кездесті

Экономика және құқық” факультетінің ұйымдастыруымен "Мамандығым - болашағым" атты дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға оннан астам жұмыс берушілердің өкілдері қатысты. Бітіруші студенттер таңдаған мамандықтары бойынша еңбек нарығы туралы өз пікірін қалыптастыра алды. Келешек жұмыстары туралы өз таңдауларын анықтай отырып, түйіндеме дайындауды, білім ордасында алған білім-дағдыларын, қалыптастырған құзіреттіліктерін қолайлы түрде көрсетуді үйренді.
Жұмыс берушілермен ашық сұхбаттасу барысында студенттер мекеме, ұсынылатын жұмыс, әртүрлі лауазымдағы мамандардың міндеттері және жұмыс берушілердің үміткерлерге қойылатын талаптары туралы нақтырақ ақпаратқа ие болды, сонымен қатар «Нурбанк» АҚ, Евразийский» Банк АҚ келген өкілдер студенттерді жұмысқа қабылдау үшін жеке-жеке сұхбат жүргізіп, факультеттен 15 студент жұмысқа шақырту алды.

Дөңгелек үстелдің қатысушы-қонақтары:
1. Амирбеков Арман Ильясович - «Нурбанк» АҚ ТФ Бөлшек сауда бизнесі бөлімінің басшысы;
2. Имаш Марат Мухтарұлы - «Евразийский» Банк АҚ ТФ Бөлшек сауда бизнесі директорының орынбасары;
3. Жалмаханова Гулайша Куандыковна – «KazFruitsLine» ЖШС директоры;
4. Төлендиева Алина Абдрахымқызы- Жамбыл облыстық тері-венералогиялық диспасері Мемлекеттік комуналды кәсіпорынының бас бухгалтері;
5. Ахметова Гулмира Таласовна - Металл конструкция мен резервуарлар зауыты ЖШС бас бухгалтері;
6. Бисенов Хусан Бакытович - Тараз қаласы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің бас маманы
7. Сұраншы Әлішер Спандиярұлы - Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық дамыту басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлім басшысы;
8. Жантаев Асет Мықтыбекович- Жамбыл металл конструктор заводының директор орынбасары;
9. Ержанова Мира Едигеевна - карьера және бизнес серіктестік орталығының басшысы.

Прочитано 978 раз
Top