Тәрбиенің бастауы – балабақша

Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрып отыр. Еліміздің әлемдік үдерістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігінен екені сөзсіз. Біздің өміріміздің кез – келген саласындағы сапалы өзгерістер, әсіресе білім беру саласындағы өзгерістер педагогтың рөліне жаңаша көзқарас қалыптастыра бастады.    

     Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесінің ең басты міндеті – мектеп жасына дейінгі балалардың білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу, көтеру. Мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұны мектепке дейінгі тәрбие мен мектеп алды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Тәрбиенің бастауы, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы - мектепке дейінгі мекемелер екені сөзсіз. Осы орайда «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасымен «Ақүрпек» бөбекжай бақшасымен бірлескен «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық ойын технологияларын қолдану арқылы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін арттыру» атты тақырыбында облыстық практикалық семинар өтті. Семинар барысында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Р.Т.Шыниева «Мектепке дейінгі білім беруде креативті ойындарды қолдану».Тараз қаласының «Ақүрпек» бөбекжай бақшасымен меңгерушінің Э.Т. Курманалиеваның басшылығымен, әдіскер С.Т.Укибасова, тәрбиешілер О.В. Кркук, Л.М. Давлетчина, Л.Ю Бакибекова «Интеллектуалды ойындар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту құралы», №29 бөбекжай бақшасының меңгерушісі А.Е.Нукисбекова, А.Т.Махатаева «Трансформацияланатын ұлттық лего ойыны» марблс тастары арқылы балалардың қол моторикасын дамыту, №9 бөбекжай бақшасының тәрбиешісі Ж. А. Шукирбаева «Мектепке дейінгі балаларға ойын арқылы қазақ тілін үйретудің ерекшеліктері», «Солнышка Тараза» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі В. М.Антонова «Использование инновационных технологий», ТОО «Мирас» балабақшасының әдіскері Д.Б.Туякбаева «Дидактикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық қабілетін дамыту». Т. Рысқұлов ауданы «Балапан» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі М.С.Қанатова «Ұлттық құндылықтар - бала тәрбиесінің негізі». Жуалы ауданы «Аягүл» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі Г.М. Аккулиева «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы заттық дамытушы ортаның маңыздылығы» т.б. тақырыптарында бақшаларымен тәжірибе алмасу нәтижесінде теория мен практиканы байланыстырып инновациялық технологиялардың қолдану жолдарымен танысты.        

   Мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың маңызы аса зор деуге негіз бар. Жаңашылдыққа деген қажеттілік қандай да бір мәселені жеңілдету жолында туындайды. Кез - келген педагогикалық ұжым, педагог жаңартылған білім мазмұнына құрылған іс-әрекетті ұйымдастыруға құқылы, дегенмен әр бастаманың басты нысаны бала екенін ұмытпаған жөн.

WhatsApp Image 2022 12 02 at 22.28.26

WhatsApp Image 2022 12 02 at 22.29.48

 

WhatsApp Image 2022 12 03 at 10.03.20

Прочитано 1121 раз
Top