Дулати жастарының саяси-қоғамдық белсенділігі жоғары

Кез келген мемлекет үшін жастардың саяси-қоғамдық белсенділігінің жоғары болуы аса маңызды. Өйткені жас буын қоғамда қозғаушы күшке ие. Бұны кешегі кезектен тыс өткен Президент сайлауы кезінде анық байқадық.

Amanat партиясының Жамбыл облыстық филиалындаҚазақстан Президентін сайлау науқанына дайындық және оны өткізу жұмыстарына атсалысқан бір топ өңір азаматтары марапатталды. Оларға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаттары табысталды.

Мемлекет басшысының Алғыс хатымен марапатталғандар арасында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері де бар. Сайлау науқанында Дулати жастары саяси-қоғамдық белсенділіктерінің жоғары екенін танытып қана қоймай, Әділетті Қазақстанды бірге құру жолында ел-жұртпен бірге күш-жігерін жұмылдыра алатындықтарын да көрсетті.

WhatsApp Image 2022 12 12 at 17.06.48

WhatsApp Image 2022 12 12 at 17.06.46

Прочитано 975 раз
Top