Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге бейімделу керек

Білім беру жүйесіне жауапты ведомство екіге бөлінгенімен, орта және жоғары білім сатысындағы өзара ықпалдастық үзілмесі анық. Себебі кез келген жоғары оқу орнының басты капиталы – талапкерлер. Білікті кадр даярлау білімнің негізгі базасын мектептен алатын түлектерге тікелей байланысты. Сондықтан, университеттер білім берудің орта сатысымен қарым-қатынасты нығайта түспесе, кемітпейді.

Міне, осы аралық байланысты ескерген М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті өңірдегі бүкіл орта мектептердің басшыларын жинап, оқыту семинарын ұйымдастырды. Семинарға университеттің басқарма төрағасы – ректоры Мұхтар Байжұманов қатысты.

«Білім беру жүйесіндегі өзгерістерді басқару атты облыстық семинар негізгі 4 секцияда өтті. Тренинг-дәрістер форматында ұйымдастырылған семинарда университеттің профессор-оқытушылар құрамы, тренерлер Сәуле Әлімбаева, Гүлхан Нұрадин, Клара Сматова, Сандуғаш Үсенова, Назым Дүйсенова қатысушыларға өзгерісі көп білім беру процесіне керек әдістемелерімен бөлісті.

Жалпы жоғары сапалы білімге қол жеткізу үшін мұғалімдер үздіксіз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Бұл – уақыт талабы. Осы ретте М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында кадрлардың біліктілігін арттыру және даярлау орталығы жұмыс істейтінін айта кеткен жөн. Мұндай құзырет заң шеңберінде қарастырылған. Орталық «Білім туралы» Заңның 37-бабының 3 тармағы және 35 баптың 2-тармағында көзделгендей, білім беру ұйымдарында қосымша білім беру қызметтерін жүзеге асыру мақсатында құрылған.

Дулати университеті тек офлайн режимінде ғана емес, онлайн курстарды да ұйымдастырады. Бастысы, ең көп сұранысқа ие бағдарламаларды ұсынады.

Жалпы отандық білім саласы үшін 2022 жыл жаңа бетбұрыстар кезеңі болды. Осы жылы тиісті ведомство екіге бөлінді. Жаңадан жоғары білім және ғылым министрілігі құрылды. Ал оқытудың бастапқы орта және арнаулы орта сатысындағы жүйе өз алдына бөлек жұмыс жүргізе бастады. Осының өзі мемлекеттік саясатта білім беру ісіне баса мән берілетінін көрсетеді.

2

3

4

5

6

7

8

9

Прочитано 822 раз
Top