«Химик-эксперт» қысқы мектебі қызықты

Бізді қоршаған және біздің санамыздан тыс өмір сүретін дүниені – материя десек, ол зат не өріс ретінде өмір сүреді. Ал зат дегеніміз, белгілі бір химиялық құрамы бар, физикалық, химиялық қасиеттерімен сипатталатын материяның бір түрі. Тіршіліктің тынысын тап басып білу үшін білім керек.

Жас жеткіншектерді еліктіріп, ғылымға жетелейтін де осындай мәліметтер екені анық. Оқушылардың осы қызығушылығын әрі қарай арттыру мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Ұстаз» институты қала мектептері үшін «Химик-эксперт» қысқы мектебін ұйымдастыруда.

Қысқы мектептің ашылу салтанатында институт директоры Орынқыз Жолдасова сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тіледі. Ал «Химия және биология» кафедрасының меңгерушісі А.Мәжібаев эксперттік мектептің бағдарламасымен таныстырды.

Алғашқы дәрісте «Тіршіліктегі шамадан тыс химия, химия ғылымының маңыздылығы және жетістіктері», «ДНҚ ақпаратының химиялық және биологиялық қасиеттері» тақырыптары қозғалды.

Бұдан соң оқушылар кафедраның оқу лабораторияларында химиялық эксперименттердің қалай жасалатынын көріп, танысты.

2

3

4

Прочитано 872 раз
Top