Үздіктер анықталды

Тұтас білім беру жүйесімен бірге әр пәнді оқыту әдістемесі де өзгеретіні белгілі. Қазақ тілін оқып-үйретуде де заманауи тәсіл мен тәжірибені енгізу керек. Себебі сауаттылық мектептен қалыптасады. Ал дидактиканың негізгі мәселелері оқу үрдісінің заңдылықтарын, принциптерін және оқытудың тиімді әдістемелерін көрсетеді.

Оқытудағы осындай талаптарды түсіндіріп, керекті әдістемесін мектеп мұғалімдерімен бөлісу үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің филология және журналистика кафедрасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мектеп мұғалімдері және колледж оқытушылары арасында облыстық «Үздік ашық сабақ» байқауын өткізген болатын.

Орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы бойынша үздік сабақ үлгісін анықтауды мақсат еткен байқауға аудандар мен Тараз қаласындағы мектеп

мұғалімдерінен және колледж оқытушыларынан 30-ға жуық материал келіп түсті.

30 материалдың ішінен талапқа сай 21 материалға талдау жасалып, үздіктер анықталды. Пушкин атындағы №41 мектеп гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Айнұр Мұраталиеваның конкурсқа ұсынған ашық сабағаның жоспары үздік деп танылып, жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ №35 орта мектептің ұстазы Рахат Күзенбаева, Д.Карбышев атындағы №16 орта мектептің үміткері Назгүл Үсіпбекова 2-орынды иеленді. Ал Назгүлдің әріптесі Меруерт Абатованың байқауға дайындаған жұмысы 3-орынға лайық деп бағаланды. Гродеково ауылындағы Гродеково орта мектебінің мұғалімі Забида Мирзаева, Меркі ауданындағы №44 орта мектептің маманы Лаура Мырсеитова үздік үштікті түйіндеді.

Үздіктерді марапаттау салтанаты М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Тәуелсіздік залында өтті. Байқауға облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы демеушілік жасады.

RLS 6902

RLS 6907

RLS 6911

RLS 6914

RLS 6915

RLS 6919

Прочитано 1003 раз
Top