Студенттерге оқу ақысын төлеу үшін 2-3 пайыздық кредит беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда студенттерге оқу ақысын өтеу үшін мөлшерлемесі төмен несие беру жолдарын қарастыруды міндеттегені баршаға мәлім.

Жолдаудан туындаған міндеттерді орындау мақсатында студенттерге төмен мөлшерлемемен кредит беру жүйесі жасалды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, 2023-2024 оқу жылынан бастап оқу ақысын төлеу үшін студенттер банктен 2-3 пайыздық кредит ала алады.

Министрлік Қазақстанда бұрын қолданыста болған қаржыландыру және несие беру модельдерін тиянақтап жасау үстінде.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, студенттер несиені өз атына рәсімдей алады екен. Ал несиені екінші деңгейлі банктер береді. 

Прочитано 937 раз
Top