ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ "АТАМЕКЕН" РЕЙТИНГІНДЕ

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының 2022 жылғы рейтингін жариялады.

Жұмыс нәтижесінде еліміздің ЖОО-дағы 2040 білім беру бағдарламасы бағаланды, 81 393 түлектің деректері талданды. Жоғары оқу орындарының рейтингі 19 критерий бойынша бағаланды. Олардың ішінде негізгілері: жұмысқа орналасу деңгейі, орташа еңбекақы, білім беру бағдарламасын аккредиттеу, оқытушылардың білім сапасы, білім беру бағдарламаларының өзектілігі.

Нәтижесінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 6 білім беру бағдарламасы өз топтары бойынша үздік ондыққа кіріп отыр:

  1. «6В01403-Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы елімізде 1 орынды иеленді.
  2. 6В01408-Кәсіптік оқыту.
  3. 6В07216-Мұнай-газ инженериясы.
  4. 6B02311-Филология: қазақ филологиясы.
  5. 6B07312-Жерге орналастыру.
  6. 6В07214-Тамақ және өңдеу өндірістерінің технологиясы және инженерингі.

    Толық рейтингпен сілтеме бойынша таныса аласыздар: https://atameken.kz/ru/university_ratings
Прочитано 1026 раз
Top