Спорт шебері – Еңбегі сіңген жаттықтырушы

Дулати университетінің Өнер және спорт факультетінің «Дене шынықтыру мен спорт теориясы» кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасы спорт шебері, Каратэ-до Шотокан федерациясының төрағасы Ерік Махамбетов Қазақстан Республикасының Еңбегі сіңген жаттықтырушысы атағын алды.

WhatsApp Image 2023 02 23 at 11.04.18

Бұған дейін федерацияда 17 жаттықтырушы жұмыс атқарса, оның 1-еуі Қазақстан Республикасына еңбегі сіңірген, 3-еуі жоғары санатты, қалғаны спорт шебері деңгейіндегі мамандар еңбек етіп келген. Енді, міне еңбегі сіңген жаттықтырушылар қатары тағы артты.

Бұл – спорттағы ең үлкен жетістіктердің бірі. Университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы біздің спортшыларымызға, жаттықтырушыларымызға әрқашан қолдау көрсетуге дайын.

WhatsApp Image 2023 02 23 at 10.56.11 1

Ерік Оралбекұлы – университеттің «Сұңқар» спорт мықты жаттықтырушылардың бірі. Қазақстан ұлттық каратэ-до шотокан федерациясының Жамбыл облыстық филиалының директоры, қара белбеу 3 дан иегері, спорт шебері.

Бір айта кететіні, ұлттық құрамаға қосып отырған спортшылардың дені – Дулати университетінің студенттері. Мәселен, 2019 жылы ұлттық құрама сапында әлем чемпионатына қатысып, бақ сынаған болатын. Сол жолы Қазақстан құрамасының жүлде қоржынына түскен 25 алтын медальдің 14-і жамбылдықтар жеңіп алған еді.

Прочитано 973 раз
Top