Үздік оқытушыларымыз 6 миллион теңгеден жеңіп алды

Астанада жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларын марапаттау рәсімі өтті. Байқау жеңімпаздарына 6 млн теңге сыйақы берілді. Марапаттарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек табыстады. Дулати университетінің оқытушылары Клара Сматова мен Толқын Қасенова жеңімпаздар қатарынан көрінді.
 
Байқауда еліміздегі 43 жоғары оқу орнының 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы 2000 АЕК (6 млн 126 мың теңге) сыйақы алды. Оқытушыларға қаржылай ынталандырумен қатар төсбелгі де табысталды.
 
Айта кетейік, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2022» байқауына еліміздің 71 оқу орнынан барлығы 775 үміткер қатысты. Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен сайыста электронды оқу ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. сияқты көрсеткіштер бағаланды. Сондай-ақ, үміткердің оқыту сапасы, оның бакалавриатта, магистратурада және докторантурада кадрлар даярлау қызметіндегі еңбегі бағаланды.

WhatsApp Image 2023 02 27 at 16.04.48

WhatsApp Image 2023 02 27 at 16.04.48 1

 
Прочитано 771 раз
Top