Baursaq & Koje party

Көктем мезгілі құлазыған көңілді көтеретін, бойды тіктеп рухани байитын, бауырмалдықты арттырып, айналаны әсемдікке бөлейтін уақыт. Қыстан аман шыққан халық, жуанның жіңішкеріп жіңішкенің үзілер шағында ауыл-ауылды аралап амандық сұрасады. Жеті түрлі дәмнен наурыз көже дайындап, ұлан асыр той жасайды. Бұл көріністің де өз ғажабы, өз көркемдігі бар.

Ал қаладағы ағайын ауылға кетіп, бұл сезімді бастан өткереді. Ұлттық дәстүрді қай кезде болмасын жандарына серік еткен Дулати университетінің студенттері бүгін Наурыз көже дайындап, қазақи нақышта киіз үй көтеріп, көптің ықыласына бөленді. Ұйымдастырушылар Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті «Филология және журналистика» мамандығының студенттері. Жиын қатысушыларына құнарлы өнімге бай түрлі тағамдар ұсынып, ұлттық ойындардан сайыстар өткізді.

Факультет даканы Жәмила Темірғалиқызы сөз сөйлеп, құттықтауын білдірді. Үлкендердің алғыс-батасымен жалғасқан жиын думандата ән салып, күмбірлете күй шертіліп аяқталды.

Прочитано 807 раз
Top