«Тәуелсіз қазақстан: тіл және ономастика» атты халықаралық ғылыми конференция өтті

Түркия, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан және еліміздегі ЖОО ғалымдары қатысқан конференциясында мемлекеттік тіл мәселесі, ономастиканың тарихи жадыны жаңғыртудағы рөлі туралы сөз қозғалды. Ғалымдар осы салада тәуелсіздік жылдарында жарық көрген еңбектерге, әдістемелерге тоқталды.

Конференцияда Кастамону Университетінің  заманауи түркі тілдері және әдебиеттері кафедрасының  PhD докторы, профессор Орхан Сөйлемез: «Тәуелсіз Қазақстанда тіл, әдебиет және ұлттық бірегейлік» тақырыбындағы баяндамасында егемен ел болғалы бергі жылдардағы тіл білімі және қазақ тілін оқыту әдістемесінің қандай бағыт алғанына тоқталды. Жер-су атауларын қайта қазақшалауда дұрыс саяси-мәдени бағдарламалар қабылданғанын айтып өтті. Жазуға реформа жасап, ұлттық құндылықтарды дамытуда ономастиканың бағыттарын халықаралық дәрежеде қалыптастырудың нәтижелеріне талдау жасаудың маңызды екенін жеткізді.

Әжінияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Ырысты Құттымұратова «Қарақалпақстандағы топонимикалық атауларға» талдау жасады. Бауырлас елдердің сөз қолданысының ұқсастығы жер-су атауларынан көрінетінін атап өтті.

Жер-су атауларының шығуы, дамуы, қалыптасу жолдары туралы көршілес, бауырлас елдердің ғалымдары ой-тұжырымдарын ортаға салған конференцияның берері мол болды. Осы арқылы ұлттық танымдық көріністері мен болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі алатын орны мен рөлі айқындалды.

Айта кету керек, жиында 20-ға жуық ғалым ономастика саласының әр қырынан келген ғылыми тұжырымдамаларын алға тартты. Жер-су атауларына қатысты тың деректер айтылды.

2

3

4

5

6

Прочитано 1216 раз
Top