Жайдармандағы түлектер кездесуі

Күлкі – адам жанының, рухының жасаруына себеп. Жаны жайсаң адам  білімге, өнерге құштар. Қоғамдағы оқиғалардан хабардар болған жас, елдің мүддесі үшін еңбек ететін азамат болып қалыптасады. Осы үйлесімділіктерді ұштастыратын ойын алаңы – Жайдарман. Бұл өнер жастар арасында кеңінен таралған. Үлкенді үлгі етіп ізін жалғап келе жатқан Дулатилық жайдарманшылар бүгін «Түлектер кездесуін» өткізді.

Кеше мен бүгіннің сабақтастығын көрерменге көрсетіп, әзілмен көтеріңкі күй сыйлаған командалар «Інілер», «Ағалар», «Көкелер». «Әзілің жарасса атаңмен ойна...» дегендей бүгінгі қатысушылардың ойыны жоғары мәдениеттілікпен, тапқырлықпен өрнектелді. Сәлемдесуден ғана тұратын сайыста ұтымды ойлар, әдемі естеліктер айтылды.

Ойын соңында қазылар алқасының шешімімен «Көкелер» командасы чемпион атанды.

2

3

4

Прочитано 810 раз
Top