Кәсіподақ ұйымының есеп беру конференциясы өтті

«Жамбыл облысты білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ филиалы Дулати университеті бастауыш кәсіподақ ұйымының  ІІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Конференцияға университет проректорлары мен декандары, кәсіподақ комитеттерінің жетекшілері, оқытушылар мен қызметкерлер, ардагерлер кеңесі және бөлім басшылары қатысты. Жалпы жиынға 91 делегат келді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Берік Есентайұлы өткен 5 жылдық кезеңде атқарылған жұмыстарының есебін берді.

 – Кәсіподақ ұйымының мақсатына сәйкес жұмыс беруші кәсіподақ қызметкер арасында Ұжымдық келісім-шарт жасасып, соның негізінде құқығының қорғалуын талап етіп келеді. Сондай-ақ, қызметкерлердің еңбегіне қарай лайықты марапат, сыйақы беруге ұсыныстар айтылып және орындалуда. Сауықтыру шараларымен қамтылуын бақылап, кәсіподақ мүшелерінің жарнасы негізінде жеңілдікпен санаторийлерге жолдама берілді. Көптеген іс-шаралардың ұйымдастырылуына себепкер болып, өз мүддесіне сай қызмет атқаруда, деді Берік Есентайұлы өз баяндамасында.

Жаңа есепті мерзімге бастауыш кәсіподақ ұйымының төралығына Берік Хұсайыновтың кандидатурасы ұсынылды. Есеп беру сайлау конференциясының делегаттары бір ауыздан Берік Есентайұлының  кандидатурасын қолдап дауыс берді.

2

3

4

5

Прочитано 1039 раз
Top