Көкжиекті кеңейту – кітап оқудан басталады

Әдетте көпшіліктің басы қосылған жиындар мен сұхбаттарда жастардың қатысу көрсеткіші төмен. Бір сарынды дүниені айтып өзге арнаға көңіл бұрғызбай ұстап отыру қиын. Талғам, таңдау бар. Кез келген дүниені қызығушылықпен тыңдап, көре қоймайды. Естіген құлаққа түрпідей тигенімен бұл рас. Сондықтан ұйымдастырушылар мейлінше ұтымды тақырыпта белді қонақтарды шақырып сырлы сұхбат, танымды деректерді беруге талпынады. Бұл әрекет жастардың уақыт деген қымбат дүниені бағалайтындықтарын көрсеткенімен, кейде әттеген-ай деп көңілге қаяу салатыны жасырын емес. Ұйымдастырылған іс-шара көпшіліктің көңілінен шығып, көрермені ой түйіп, пайдалы ақпарат алса үміттің ақталғаны. Дулати университетінде бұл дара жолға қойылған. Сондай танымды шаралардың бірі Кітапханалық-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Ғалыммен сырлы сұхбат

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «UniLibWeek_2023» апталығына келген көрермендер лек-легімен қатысып жатты. Қариясына төрден орын берген қазақ дәстүрі бойынша жиынның шымылдығы профессор Әбдіманап Әбдрамановпен кездесу-бенефисінен басталды. Ғалымның өнегелі өмірін дәріптеген жиында Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Данияр Ысқақұлы сөз сөйледі. Біздің қоғамға осындай еркін форматта әдемі әңгімелер қажет. Университет ғалымдарының салмақты ойлары, өнегелі өмірі көпке үлгі. Ғалымның әріптестері, алғашқы түлектері және студенттер қатысқан сырлы сұхбат көпшіліктің ғылымға деген қызығушылығын арттыра түсті.

– Мен атақ қуғаным жоқ. Данқ, дәреже іздемедім. Билікте отырып, бұйрық беру болмысыма сәйкес келмейді. Бола алмаймын. Марапат үшін таласқа түскен жоқпын. Себебі, менің мақсатым ол емес еді. Бүгінгі күнге дейін, ғылым жолында еңбек етіп келемін. Студенттермен жұмысты сағынамын. Оқытушылықтан бір сәтке болсын қол үзгім келмеді. Әр жастың болмысының жақсы болып қалыптасуы, мамандығына қызығушылығын оята алу мен үшін бақыт болатын. Зертханада қонатын, тіпті тамақтануды ұмытатын сәттерді бастан кештім, - деп ғылым жолындағы сәттерімен бөлісті ғалым Әбдіманап Әбдраманов.

Жиында кітап көрмесі, бейнематериалдар мен естілік сюжеттер көрсетілді. Бірге қызмет еткен әріптестері қызықты сәттермен бөлісіп, көрермен езуіне күлкі үйірді. Ресмиліктен бөлек, тым еркін, тартымды өткен кездесу соңында Данияр Ысқақұлы университет ректоры Мұхтар Байжұмановтың атынан Алғыс хат және естілік кітап сыйға тартты.

WhatsApp Image 2023 04 25 at 17.09.26

WhatsApp Image 2023 04 25 at 17.09.26 1

Кәсіпкерлікті кітаптан бастаған

Кітапханадағы сүбелі сұхбат республика және әлемдік деңгейде танымал жеке кәсіпкерлердің трениг, коучтарымен жалғасын тапты. Жеке бастамасын дөңгелетіп отырған тұлғалар да бизнестің бастауын кітаптан алған. Кітаптың құнды байлық екенін алға тартқан қонақтарда тренигте осыны айтты. «ЭйВиДи систем» ЖШҚ директоры Вячеслав Токмаков «Ұйымның цифрлық кеңістігіне кітапхана ресурстары мен қызметтерін ендіру» бойынша түсіндірме жұмыстарымен бөлісті. Қазіргі таңда нарық сұраныса сәйкес кітапхана орталықтарыда қолжетімді болғаны абзал. Осы бағытта ұстанған кәсіпкерлер мобильді қосымшалар арқылы кітап сатып алу және онлайн оқудың тиімділігін көрсетті. Ресейдің Екатеринбург қаласынан келген мамандар кітапханалық-ақпарттық орталығымен бірнеше жылдан бері тығыз жұмыс жасап келе жатқандығын орталық директоры Гүлжан Иржановна атап өтті.

Сондай-ақ, еліміздегі іскер әйелдердің бірі және бірегейі «Рысбаева и КО» компаниясының директоры Сәуле Рысбаева арнайы келіп, өз тәжірбиесімен бөлісті. Қазіргі «Ұстаз» институтын тәмәмдаған сол кездегі студент бүгінде отандық брендтерді әлемдік деңгейге көтеру үшін еңбек етіп жүр. Елге пайдалы болуды көздеген кәсіпкер шығармашылықтан да алыс емес. Ұлы отан соғысы жылдарында жанкештілікпен қаза тапқан майдангер бабаларымыздың рухына арнап, бірнеше жылдар ізденіп нәтижесінде «1000 Тағзым» атты кітап жазған. Университет кітапханасына осы жинақты автор қолтаңбасын қалдырып тарту етті.

WhatsApp Image 2023 04 25 at 17.09.26 2

WhatsApp Image 2023 04 25 at 17.09.26 3

WhatsApp Image 2023 04 25 at 17.09.26 7

WhatsApp Image 2023 04 25 at 17.09.26 8

Оқы және жеңіп ал

Іс-шара барысында әлеуметтік желі арқылы Ілияс Есенберлиннің «Ғашықтар – Влюбленные», «Алтын құс – Золотая птица» шығармалары бойынша үздік пікір айтып, видео түсіріп, бақ сынаған студенттер марапатталды. Тың деректер, әсерлі бейнематериалдарды ұсынған жастар бағалы сыйлықтарға, ақшалай сертификаттарға ие болды. Махаббат, сыйластық, патриотизмділікті бір арнаға тоғыстырып кітап құдіретін насихаттаған жастар қатары айтарлықтай көп болды.

Әлем әдебиеті үшін символикалық датаға айналған бұл күн білімгерлер ғана атап өтетін мереке емес. Кез келген оқырман осы күнді айтарлықтай жоғары деңгейде дәріптегені жөн.

WhatsApp Image 2023 04 25 at 17.09.26 4

WhatsApp Image 2023 04 25 at 17.09.26 5

WhatsApp Image 2023 04 25 at 17.09.26 10

WhatsApp Image 2023 04 25 at 17.15.01

«Автор кітабы» акциясы

«UniLibWeek_2023» апталығы Жамбылдық жас ақын, «Авангард» жобасының авторы Арайлы Жақсылықтың студенттермен еркін форматтағы диалогымен жалғасты. Қатысушылар арасында әдебиет, кітап, баспа ісі туралы ой айтылып, пікірлер талқыланды. «Филология және журналистика» кафедрасының түлегі студенттік жылдардан бастап, бүгінгі күнге дейінгі жетістіктері еңбек жолын айтып өтті. «J.A.S» атты авторлық алғашқы жинағына енген өлеңдерін оқып берді. Ең үздік қойылған сауалға Арайлы Жақсылық арнайы сыйлығын тарту етті. Кездесу соңында қатысушылар және университет кітап қорына автор қолтаңбасы қойылған «J.A.S» кітабын сыйлады.

WhatsApp Image 2023 04 25 at 17.17.33

WhatsApp Image 2023 04 25 at 17.17.33 1

Р.S Жыл сайын Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай Дулати университетінің кітапханалық-ақпараттық орталығында мәдени шаралар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Биылғы кітап мерекесі «UniLibWeek_2023» атты апталық аясында өтті.

Күнді фойеде күй ойнаған оркестрлердің өнерімен бастаған Дулатилықтар көпшілікке әдемі сезім сыйлады. Дайындалған «ART- вернисаж» көрмесінің өзі галереядағыдай әсер қалдырды. Кітапхана аванзалында кітап баспаларының көрме – жәрмеңкесі көрсетілді. Көрмеге кітапсүйер қауымды қорға келіп түскен жаңа басылымдармен таныстыру мақсатында түрлі саладағы әдебиеттер қойылды. Ғалым, кәсіпкерлер, ақынмен болған сырлы сұхбат, тәжірбие бөлісу студенттерге үлкен жігер берді. Ізгі шаралар кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты одан әрі нығайта түскенін көріп көңіл қуанып, мерей мерейлене түсті.

Дулати университетінің медиа-қызметі.

Прочитано 906 раз
Top