Білім ордаларындағы байланыс нығая түсуде

Жоғары оқу орындары мен мектептер арасындағы әріптестікті жетілдіру білім беру жүйесінде үздіксіз, біртұтастық сипат беруге, мектептен бастап, жо­ға­ры оқу орындарының бірігіп, ғылыми-практикалық және әдісте­мелік тұрғыда жұмыс жасауы педагогикалық білім беруді жаңғырту, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

            Осы орайда, 26 сәуір күні «Ұстаз» институты «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының доценті, қауымдастырылған профессор Турарова А. Н., аға оқытушылар Спаналиева Г.Т., Сұрабалдиева Б.Т., Аралбаева А.Ғ. ұйымдастыруымен «Мектептер мен ЖОО   білім мазмұны: тәжірибе, бағалау, нәтиже» тақырыбындағы облыстық   әдістемелік семинар өтті. Семинарға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері Кушерова Ж. Е., Нұрмолдаева А. А. республикаға аты танымал, білікті мектеп ұстаздары мен «Ұстаз» институтының ПОҚ құрамы қатысты.

«Ұстаз» инстутының директоры О.К.Джолдасова, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының басшысы С. Қ.Алимбаева, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі А.Т.Кенжебаева құттықтау сөз сөйлеп, жоғары оқу орындары мен мектептер арасындағы әріптестік, сабақтастықты дамыту маңыздылығына тоқталды.

            Облыстық әдістемелік семинар барысында семинарға қатысушы баяндамаларында ұстаздардың ізденісі, озық тәжірибесі және нәтижесі баяндалып, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, оқытудың тиімді әдістері т.с.с. көптеген ауқымды тақырыптар қамтылды. Таныстырылымнан кейін семинарға қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, ЖОО және мектеп ынтымақтастығының дамуы бойынша қатысушылар тарапынан бірқатар маңызды ұсыныстар айтылды.

WhatsApp Image 2023 05 03 at 14.53.01

WhatsApp Image 2023 05 03 at 14.53.01 1

WhatsApp Image 2023 05 03 at 14.53.01 2

WhatsApp Image 2023 05 03 at 14.53.01 3

Прочитано 960 раз
Top