Ұлы Жеңіске-78 жыл

     Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Мүтәліп Ережепаевты «Ұстаз» институты «Химия және биология» кафедрасының студенттері мерекемен құттықтады. Игі істі кафедра меңгерушісі Асылжан Мажибаев және аға куратор Жансая Муталипова бастады. Жақсылық жасап жарысуды көздеген студенттердің бұл алғашқы жұмыстары емес. Бұған дейін де, бірнеше рет қайырымдылық акцияларын өткізіп, көп отбасыға қуаныш сыйлаған. Жалынды жастардың бойындағы бұл кішіпейілділік көпке үлгі. Егеменді елдің ұл-қыздары өткенді ұлықтайды. Тарихқа көз тастап, болашаққа нық қадам басады. Осы ретте елдікті сыйлаған ер азаматтарымызға көрсететін сый-құметте арта түседі. Жеңісті күндерді сыйлаған аталарымызға тағзым ету ең маңызды іс.

Қариясы бардың - қазынасы бар деп, халық даналығы бекер айтпаса керек. Ақыл кеніне бай, Ұлы Отан соғысының ардагері Мүтәліп Ережепаев студенттермен болған кездесуде оқиғаларымен бөлісті. Кезінде ақын болып ел арасында кеңінен танылған оның шығармалар жинағы «Оқ пен оттан оралғандар», «Өмір өлеңім», «Жамбыл жолы» деп аталады. Ардагерді құттықтап барған студенттер автордың туындыларынан шағын мерекелік құттықтау кешін ұйымдастырып көңілді күн сыйлады.

WhatsApp Image 2023 05 05 at 09.24.20 1

 

 

 

Прочитано 940 раз
Top