Түлектер 50 жыл бұрынғы факультет деканымен кездесті

Жарты ғасырға жалғасқан жолдастыққа себепкер болған – М.Х.Дулати  атындағы Тараз өңірлік университетінде түлектер 50 жылдық кездесу өткізді.

Бұрынғы Жамбыл ирригация-құрылыс институтының 1973 жылы бітірген түлектері мұндай кездесулерді әр 10-15 жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырған. Қонақтар Дулати университетінің  музейін аралап, ескі кездерді  естеріне алды.

50 жылдан кейінгі осы бір басқосуда  30-дан астам түлек келіп, өздерінің студент кезінде сабақ беріп жол көрсеткен деканы Генадий Постуховпен кездесіп, емен-жарқын әңгімелесті.

Марс Үркімбев атындағы Жастар сарайы, Гидрокешеніндегі оқу кабинеттері мен өздерінің құрдасы Жүніс Бектасовтың  құрметіне ашылған оқу аудиториясын аралап көрді. 

Кеш соңында университет басшылығымен бірге еркін микрофон форматында студенттермен сұхбат жүргізіп, өздерінің студенттік кездеріндегі қызықты естеліктерімен бөлісті. Кеш соңында 1973 жылғы түлектер атынан университет ұжымына «ЕЖЕЛГІ САҚ ҰРПАҚТАРЫ» атты картинаны сыйға тартты.

2

2

2

2

Прочитано 779 раз
Top