Ғалымдарымыздың жобалары Ғылым академиясының назарында

ҚР Ұлттық ғылым академиясының делегациясы Дулати университетінің үздік жобаларымен танысты.

Кездесуге ҚР Ұлттық ғылым академиясының өкілдері және Жамбыл облысы әкімдігінің басқарма басшылары, өңірлік БАҚ өкілдері және жетекші ғалымдар қатысты.

Дулати университетіні ғалымдарының коммерцияландыруға дайын бірнеше үздік жобалары бар. Ол экономиканың түрлі саласында серпін береді. Тек өндіріске енгізу кезегін күтіп тұр. Ғалымдардың инновациялық идеяларының өңірді дамытуға ықпал ететін тиімді тұстары осы кездесуде ашық талқыланды.

Айта кету керек, соңғы 5 жылдың көлемінде Дулати университеті ғалымдарының бірқатар жобалары Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан гранттық қаржыландыруға ие болды.

Қазіргі сәтте үздік деп танылған жобалар өндіріске енгізуге дейінгі зерттеу және талдау сатыларында сараптаудан өткізіліп жатыр. Жиын барысында ҚР ҰҒА Ғылым департаментінің директоры Руслан Ерғалиұлы университет ғалымдарының экономикалық тұрғыда тиімді жобаларының ерекшеліктерін атап өтті.

«Өңірлердегі кей өзекті мәселелерді шешуде ғалымдардың көмегі қажет. Осы мақсатта академия ғылыми ұйымдар мен жергілікті мемлекеттік органдар арасында алтын көпір болуды көздеп отыр. Бүгінгі жиынның негізгі мақсаты да осы», – деді Руслан Ерғалиұлы.  

Сондай ақ, Академия делегациясы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің материалдық техникалық базасын көріп, ғылыми инфрақұрылымын аралады.

WhatsApp Image 2023 07 26 at 15.19.29 1

WhatsApp Image 2023 07 26 at 15.19.29 2

WhatsApp Image 2023 07 26 at 15.19.29 3

WhatsApp Image 2023 07 26 at 15.19.29 4

WhatsApp Image 2023 07 26 at 15.19.29 5

WhatsApp Image 2023 07 26 at 15.19.29 6

Прочитано 1021 раз
Top