Бағдарламаның мақсаты:
газ саласы үшін жоғары білікті мамандар даярлау саласындағы серіктестік пен оқу орындарының байланыстарын нығайту;
зияткерлік әлеуетті сақтауға және дамытуға, техникалық (кәсіптік) білім берудің беделін қолдау мен арттыруға жәрдемдесу;
қабілетті және еңбекқор студенттердің күш-жігерін қолдау, студенттерді тиімді оқуға және шығармашылық қызметке ынталандыру;
жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындау;
қатысу өңірлерінде серіктестіктің әлеуметтік жауапкершілігін қолдау
Мақсатты топ:
Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Серіктестіктің білім беру гранттарын 2023-2024 оқу жылына беру жоспарлануда:
арнаулы орта, кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі оқуға түсетін, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша оқуға түсу үшін қажетті өту балын жинаған, бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білімге ақы төлеуге мемлекеттік немесе өзге де грант алмаған талапкерлерге;
бакалавриат бағдарламалары бойынша орта арнаулы, кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі оқуды жалғастыруға мемлекеттік немесе өзге де оқу ақысын төлеуге грант алмаған студенттерге.
Бағдарлама келесі азаматтарға есептелген
1) Жамбыл облысында мектепті бітірген және Жамбыл облысының оқу орындарында оқитын келесі санаттағы талапкерлерге/студенттерге:
1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;
жетім балалар және ата — анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма бір жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар;
көпбалалы отбасылар;
толық емес отбасылар.
2) «QazaqGaz «барлау және өндіру» қызметкерлерінің балалары үшін көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган бекітетін энергетика саласының неғұрлым талап етілетін мамандықтарының тізбесіне сәйкес мамандықтар бойынша білім алушы студеннтер/талапкерлер
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Білімнің болуы (орта, техникалық немесе кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім).
ҰБТ нәтижелері-кемінде 50/140 (талапкерлер үшін);
GPA үлгерімі-2,33/4 (студенттер үшін);
Мамандығы энергетика саласының аса сұранысқа ие мамандықтарының тізбесіне сәйкес*
*келесі санаттағы азаматтарды қоспағанда (бұдан әрі ҚБЖ):
1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;
жетім балалар және ата — анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма бір жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар;
көпбалалы отбасылар;
толық емес отбасылар.
Техникалық мамандықтарға түскен үміткерлерге басымдық беріледі
Қажетті құжаттар:
1)белгіленген үлгідегі өтініш (сайттан жүктеу);
2)білім беру грантын алуға үміткер кандидаттың сауалнамасы (сайттан жүктеу);
3) ҰБТ/ орташа балл сертификатының көшірмесі (GPA — Grade Point Average — Great Point Everage);
4) жеке куәліктің/туу туралы куәліктің көшірмесі;
5) орта білім туралы аттестаттың көшірмесі;
6) СТН мәртебесін растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) оқуға түскенін/оқығанын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Мерзімдері мен кезеңдері:
Серіктестік қаражаты есебінен орта арнаулы, жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру гранттары конкурстық негізде беріледі.
Өтініш беру: Серіктестіктен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін кандидат белгіленген үлгідегі өтінішті электрондық поштаға береді Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.. өтініш беру мерзімі 2023 жылдың 01 шілдесінен басталады
Қарау: Комиссия өтінімдерді және қоса берілген құжаттар топтамасын 15 тамыздан кешіктірмей қарайды. Қажет болған жағдайда ол қосымша құжаттарды сұрай алады.
Шешім: Серіктестік өз сайтында білім беру грантын іріктеуден өткен кандидаттардың тізімін жариялайды және оқу ақысын 10 қыркүйектен кешіктірмей төлейді.