Жаңа қадам - болашаққа бетбұрыс

  1-қыркүйек күні ел Президенті Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады. Жолдауда мемлекеттің алдағы бағыттарын айқындай келе, әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, берекелі қоғам құрудың басты қағидаттарын жүзеге асырудың бірнеше бағыттарына тоқталып, негізгі ұстанымдары жаңа кезеңге қадам барысында Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадамдары еліміздегі саяси жаңғыруы енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс екендігін және оны шешудің нақты жолдары айқындалатынын қадап атты.

       Мемлекет басшысы Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болғандығына тоқталып, еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуы тиіс екендігін атап өтіп, еліміз ықпалды парламент, халық үніне құлақ асатын қоғам ретінде қалыптасып келеді деп атқарылған ауқымды шараларға шынайы ризашылығын білдірді. Еліміздегі ірі кәсіпорындарды барынша қолдау керектігін, кәсіпорындардың технологиялық және экологиялық ахуалын, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін батыл шаралар қабылдауы қажетілігін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жалпы санын кем дегенде 20 пайызға азайту керектігін тапсырды, сондай-ақ, мемлекеттік институттарды дамыту үшін нақты бағыттарды айқындап берді. Бұл халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етіп, бағдарламалардың нәтижелері жастарға, әсіресе жұмыссыз жастарымызға қолдау көрсетіліп, олардың өздерін экономиканың бір бөлігі ретінде сезінулеріне мүмкіндік береді. Жолдау барысында Президентіміз ауылшаруашылық, цифрландыру, өңдеу, көлік салаларына, өңірлердің дамуы, газдандыру, ауызсумен қамтуға қатысты бірқатар мәселелерді ашып жеткізіп, бұл салалардағы мақсат-міндеттерді іске асыруда бірқатар тапсырмалар берді.

       Қ.К.Тоқаев өз жолдауында: «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды… Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды  мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн» - дей келе, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы, орта білімнің сапасы, әр оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асыру, 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасау, ауыл және қала мектептерінің айырмашылығына мән беру, жаңа үлгідегі мектеп салу, мектеп формасын барлық оқушыға барынша қолжетімді ету, педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредитациялаудың жаңа стандарға сай жүргізілуі ұстаздардың құзырет аясы арқылы айқындалатындығына баса назар аударып, маңыздылығын арттыруды тапсырды. Жаһандық ғылымнан қалмау үшін ағылшын тілін оқытуды барынша күшейту, Отандық жоғары оқу орындарының білім сапасы, қоғамдағы әріптестік және өзара жауапкершілік қағидатын нығайту, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарында білім берудің экожүйесін дамытудың маңыздылығын да атап өтті.Жолдаудың түпкі нәтижесі әрбір қазақстандықтың әлеуетін арттыруға бағытталғандықтан, әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа қадамдарына жол ашылып отыр. Сонымен қатар Президентіміз бәрімізді Отан алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, тоғышарлықтан арылып, ерінбей еңбек етуге шақырды. Жалпы азамат тарихына үңілсек, әлемдегі озық өркениеттер ұлттық сипаттан бастау алғандығын білеміз. Біз әлемге еліміздің жаңаша бет-бейнесін танытып, Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі жаңғыруы байыпты қалыпта, уақыт талабын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асуда, ұлт болып ұйысуымыздың өте маңызды екенін алға тартты. Өйткені біздің жеткен жетістіктеріміздің негізі халқымыздың ынтымағында. Ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылудың бірегей жолы жне бәріміз үшін құнды да маңызды мәселе ел бірлігі мен ұлттық рухымыздың бойымызда мәңгі қалуы. Президент еліміздің болашақ дамуы мен ертеңге бетбұрысын айқындап берді, сондай-ақ, жолдаудан әрбір адамның көкейінде жүрген мәселелерді қамти отырып, мемлекеттің дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтардың болатынына және халықпен диалог орнату арқылы өзекті мәселелерді бірлесе шешіп, нақты нәтижелерге қол жеткізетіндізімізге зор сеніміз бар. Бұл бағдар әрбірімізге үлкен жауапкершілік жүктейтіні хақ.

       Тұрарова Айсұлу Нұрдынқызы 

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік

университетінің профессоры,

филология ғылымдарының кандидаты

                                         

Прочитано 499 раз
Top