Тіл мамандары Ресейлік ғалымдармен кездесті

Дулати университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценттері Ангелина Аладьина мен Гүлнар Әбдірахман Санкт-Петербургте өткен XV МАПРЯЛ конгрессіне қатысты.

МАПРЯЛ конгрессіне әлемнің 65 елінен келген филологтар, мұғалімдер, әдебиеттанушылар және аударма саласындағы мамандар жиналды.

Бұл Форумға қатысушыларға қойылған талаптар өте жоғары болды. Ұсынылған 10 000 өтінімнің ішінен ұйымдастыру комитеті 500 қатысушыны таңдады.

«Орыс тілі мен әдебиеті өзгермелі әлемдегі» конгресінде ресейлік ғалымдар мен жазушыларының шығармашылық қырларын қамтитын 11 бағыт ұсынылды.

 Татьяна Черниговскаяның ешбір компьютер немесе нейрондық желі салыстыра алмайтын адам миының бірегейлігі туралы сөйлеген сөздері көрермендерге үлкен әсер қалдырды. Заманауи танымал жазушы Герман Водолазкиннің тез өзгеретін әлемдегі уақыт категориясы туралы сөзі көпшіліктің көңілінен шықты.

Секциялық отырыстарға қатысқандардың үлкен қызығушылығымен Ангелина Аладина «Тілді емес мамандықтардың студенттеріне орысша ғылыми сөйлеуді үйрету» және Гүлнар Әбдірахман «Қазіргі білім беру жүйесіндегі медиа технологиялар» тақырыптарында баяндама жасады.

Қорытынды жиында  МАПРЯЛ конгресінің эстафетасы Қытайдан келген орыс ғалымдарының делегациясына тапсырылды.

Водолазкин

        

Прочитано 742 раз
Top