Дулати студенттері STUDENT ENERGY CHALLENGE жеңімпазы атанды

Университетіміздің студенттері Астана қаласында өткен республикалық инновациялық идеялар байқауына қатысып I орынды жеңіп алды.

Shell және Kazenergy компаниясының қолдауымен өткен білім додасында қатысушылар барлығы 90 жоба ұсынып, 15 команда финалға өтті.

Химия және химиялық технология кафедрасының 4-курс студенттерінен құралған «Ученые» командасы 15 топтың ішінде ең жоғары балл жинап, жеңіс тұғырынан көрінді.

Student Energy challenge инновациялық идеялар байқауына Дулати студенттері «Ауылшаруашылық қалдықтарынан және табиғи саздан мембраналы сүзгі дайындау» жобасын ұсынды. Жоба жетекшісі Phd доктор Маржан Калмаханова. Команда капитаны Ұлжан Қанатбек.

.WhatsApp Image 2023 10 06 at 16.11.15

Прочитано 859 раз
Top