Эразмус+ бағдарламасы аясында орталық ашылды

«Өзбекстан мен Қазақстандағы былғары және былғары бұйымдары бойынша ЖОО-ның әлеуетін арттыру» REILEAP жобасы аясында Дулати университетінде «Shoe Center» білім беру орталығы ашылды.

REILEAP жобасының мақсаты – былғары бұйымдары орталықтары мен былғарыдан жасалған бұйымдарды жобалаудың жаңа әдістерін үйрететін орталықтар құру арқылы Өзбекстан мен Қазақстандағы былғары өнеркәсібін жаңарту.

Орталықтың ашылу салтанатына Грекия, Италия, Түркия, Румыния және Өзбекстаннан келген жобаның шетелдік серіктестері және ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы, былғары және аяқ киім өнеркәсібі кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Орталық Эразмус+ бағдарламасының толық қаржыландыруымен заманауи құрылғылармен жабдықталған. Орталық тренерлері, яғни кафедра оқытушылары мен студенттері Грекия, Италия, Түркия, Румыния елдерінің жоғары оқу орындарында 2 апталық курс негізінде біліктілігін арттырған.

Дулати университетінде «Shoe Center» білім беру орталығының ашылуына орай Халықаралық форум өтті. Дөңгелек үстел басында жиналған шетелдік қонақтар, университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы жоба аясында атқарылатын жұмыстар жайлы сөз қозғады. Жобаның үйлестірушісі - Крит техникалық университетінің өкілі (Грекия) Николаос Билалис REILEAP жобасы өнеркәсіпті дамытуда, бірлесіп жұмыс істеуде маңызды екенін айтты. Эразмус+ бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер жаңа мүмкіндікке ие болып жатқанын да жеткізді. Өз сөзінде Крит техникалық университеті туралы да ақпаратымен бөлісті. Дөңгелек үстелде Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова бірнеше елдің басын біріктіре отырып жұмыс істеуге бағытталған жобаның маңызы зор екенін айтты. Ғылым мен білімде шекара жоқ деген Шолпан Алтынбекқызы шетелдік қонақтарға Дулати университетінің тарихы мен даму жолы туралы айтып берді.

REILEAP жобасы аясында екі орталық Өзбекстанда, екі орталық Қазақстанда ашылып отыр. Оның бірі Дулати университетінде болса, екіншісі Әуезов университетінде. Орталықтар былғары және былғары бұйымдарын шығаратын компаниялар үшін жаңа қызметтер ұсынады. Ұсынылатын қызметтерге былғары мен былғарыдан жасалған бұйымдардың сапасын бағалау, жобалауды оқыту, семинарлар мен ақпараттық іс-шаралар өткізу кіреді.

Жобаға қатысушы оқу орындар:

-Крит техникалық университеті, Грекия

-Георге Асаки Ясси техникалық университеті, Румыния

-Эге университеті, Түркия

-Creative Thinking Development, Грекия

-Politecnico Calzaturiero, Италия

-Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институты, Өзбекстан

-Джизак политехникалық институты, Өзбекстан

-Өзбекстанның өнертапқыш әйелдер орталығы, Өзбекстан

-М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті.

-М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

WhatsApp Image 2023 10 12 at 18.01.35

WhatsApp Image 2023 10 12 at 18.01.35 1

WhatsApp Image 2023 10 12 at 18.01.35 3

WhatsApp Image 2023 10 12 at 18.01.35 4

WhatsApp Image 2023 10 12 at 18.00.16

WhatsApp Image 2023 10 12 at 18.01.04

WhatsApp Image 2023 10 12 at 18.01.35 2

           

Прочитано 648 раз
Top