2023 жылдың жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығына ізденіс конкурсы

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының заңының 15-бабына сәйкес ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлерін көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (Бұдан әрі – Министрлік) 2023 жылдың жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығына ізденіс конкурсын жариялайды.

Министрлікпен еліміздің үздік ғалымдарына 50 сыйлық тағайындалатын болады. 1 сыйлықтың мөлшері 2000 АЕК құрайды.

Конкурсқа қатысушы үшін өтінімдер Министрліктің https://scicontest2023.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта хабарландыру шыққан күннен бастап 20 күнтізбелік күн аралығында қабылданады.

Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктері келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады:

      1) Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреженің болуы;

      2) уәкілетті органмен берілген ғылыми атағының болуы;

      3) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету;

      4) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми нәтижелердің болуы және сапасы (мақалалар немесе шолулар, отандық және шетелдік монографиялар, монографиядағы тарау, патенттер, енгізулер және т.б.);

      5) таңдаулы ғылыми бағыт бойынша беделді халықаралық рецензияланатын журналдарда жетекші шетелдік ғалымдармен бірлескен авторлықпен мақалалардың болуы;

      6) соңғы жылы ЖЖОКБҰ-да кемінде бір пәнді немесе бірнеше пәндерді оқыту;

      7) философия докторы (PhD) немесе сала докторы ғылыми дәрежесін алған кадрларды дайындау;

      8) өндіріске енгізу үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері;

      9) ғылыми зерттеулердің сапасын, нәтижелілігін және әсерін арттыруға бағытталған қоғамдық жұмыс.

 Қосымша:

  1. «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 қарашадағы № 544 бұйрығы. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 қарашада № 25003 болып тіркелді) (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100025003Қағида
  2. «2023 жылы «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын тағайындау бойынша конкурс ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігің 2023 жылғы 4 қазандағы № 515 бұйрығы Комиссия құрамы
  3. Конкурстық материалдарды қарау және 2023 жылы «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру мәселесі бойынша шешімдер дайындау жөніндегі конкурстық комиссия отырысының № 1 хаттамасы Хаттама

Жауапты тұлға – Тұрғанбаев Дос Әлиұлы, тел.: 8 (7172) 74-20-29, 8 (7172) 90-61-68

Прочитано 746 раз
Top