Спорт басқармасымен меморандум жасалды

Дулати университеті мен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жиын барысында басқарма басшысы Арман Ташметов Дулати университетінің спортшылары еліміз бойыншы ең үздік екендігін атап өтті. Бұл тәлімгерлердің жүйелі жұмысының және басшылықтың қолдауының нәтижесі екенін айтты. Ал Дулати университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов бүгінге дейін атқарылған жұмыстарды жоғары деңгейде бағалауға болатынын жеткізді.

– ЖОО-ның арасында спорт саласы бойынша ең үздік университет екенімізді мақтанышпен барлық жиындарда айта аламын. «Спортшылар ұстаханасы» деп ел арасында да кеңінен таралған. Жыл сайын студенттердің жетістігі ел мәртебесін мұхит асырып, көтіріп келуде. Біздің мақсат та осы. Университет базасының басты ерекшелігі жастар мектеп кезінен бастап, осы комплекстерде шыныға алады. Буыны енді қатайып келе жатқан балалар, білікті бапкерлерден сабақ алып, осылайша университетке қабылданып, өз мансабын ары қарай жалғастырады. Алдағы уақытта жабық спорт кешендерін жаңарту жоспарлануда. Біз дайындаламын деген студентке барлық жағдайды жасауымыз керек, - деді Мұхтар Байжұманов.

Айта кету керек, Азия және Еуропа чемпиондары мен олимпиада ойындарының жүлдегерлері «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасында 2013 жылдан бері Дулати университетінің базасында шынығуда.

Қазіргі таңда бозкілемде қарсыласына дес бермейтін спортшылар қатары жыл санап артып келеді. Осы орайда меморандум аясында университет кафедрасынан 2024-2025 жаңа оқу жылында спорт саласына қатысты тағы бір мамандықтың ашу керектігі туралы ұсыныс қабылданды.

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Арман Ташметов меморандум аясындағы ынтымақтастықтың түбі жемісті боларына сенім білдірді.

– Жеткіншектер мен жастардың спортпен көбірек айналысуы біздің басым бағыттағы міндеттеріміздің бірі. Спортшыларымыз өңіріміздің атын республикада, еліміздің атын халықаралық аренада шығаруы үшін спорт басқармасы қолдау көрсететін боламыз, - деді ол.

Жиынға қатысқан басқарма мүшелері мен «Денешынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушылары кейбір шешімін таппаған мәселелерді талқыға шығарып, алдағы міндеттер мен жоспарлар жайын баяндады.

WhatsApp Image 2023 10 27 at 09.40.20 1

WhatsApp Image 2023 10 27 at 09.40.21

WhatsApp Image 2023 10 27 at 09.40.25

WhatsApp Image 2023 10 27 at 09.40.20

Прочитано 757 раз
Top