ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН МАРМАРА УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ АРАСЫНДА КОЛЛАБОРАТИВТІ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР БАСТАУ АЛДЫ

ХХІ ғасырдың басынан цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы адамзат дамуының жаһандық трендіне айналды.

Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жаңғыртуаясында жоғары оқу орындарының коллаборативтіцифрлы білім беру ортасын қалыптастыру, құру, жетілдіру қажеттілігі туындауда.

AP19680242 «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында жоғары оқу орындарының коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру» гранттық қаржыландыру жобасы аясында Жоба жетекшісі К.Д.Бузаубакова және жоба мүшесі А.Е.Беделбаева 28.11.23 - 09.12.23 ж. аралығында Түркия мемлекетінің Стамбул қаласындағы Мармара университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Түркиялық ғалымдармен ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша ынтымақтастық орнатылды.

1883 жылы құрылған Мармара университеті Стамбул қаласында орналасқан, 2800-ге жуық оқытушы мен 80000-ға жуық студенті бар Түркиядағы ең көне және ірі университеттердің бірі. Мармара университеті Түркиядағы көптілді университет ретінде әлемге танымал: 18 факультет, 12 институт, 4 колледж, 8 мектеп және 3 кафедра, 28 ғылыми орталық бар. Жалпы оқыту бойынша жоғары білімнің 104, орта арнаулы білімнің 44 бағыты бойынша оқыту төрт тілде жүргізіледі: түрік, ағылшын, неміс және француз тілдерінде.Мармара университетінің профессорлары Nuri Tinaz және Erol Suzukпен жоба аясында ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша келісімшарт жасалды.

Жобаның мақсаты – жаңа жағдайдағы Қазақстанда инновациялық ғылыми-зерттеулер жасай алатын, цифрлы-креативті құзыреттіліктері қалыптасқан, жаһандық бәсекеге қабілетті болашақ педагогтерді даярлау үшін педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында қазақстандық ЖОО-ның шетелдік ЖОО-мен өзара ықпалдастығы негізінде коллаборативті цифрлы білім беру ортасын қалыптастыру.

Осындай өзекті мәселені шешу үшін Жоба аясында ЖОО-ның педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті арасында коллаборативті педагогикалық консорциум құру туралы келісімшарт жасалды.

Консорциумды құрудың негізгі мақсаты – бірнеше ұйымдардың ресурстары мен құзыреттерін біріктіруді талап ететін ауқымды жобаларды жүзеге асыру.

Мармара университетінің инновациялық іс-тәжірибесі зерделеу нәтижесінде Қазақстанда коллаборативті педагогикалық білім беру ортасын қалыптастыру, құру және педагогтердің цифрлы сауаттылық деңгейін, ақпараттық-коммуникативті құзыреттерін арттыру бойынша ЖОО-ны арасында бірыңғай ортақ бірлескен желілік-әдістемелік байланыс орнатылды, цифрлы педагогикалық хаб (цифрлы педагогикалық кампус) жасақталды: https://edu-collaboration.kz/kk/ педагогикалық портал ашылды.

Аталмыш Жоба аясында Дулати университеті мен Мармара университеті ғалымдарының арасында коллаборативті ғылыми зерттеулер бастау алды: қазақстандық ЖОО-ның зияткерлік ресурстарын бір арнаға шоғырландыру және шетелдік ЖОО-ы белді ғалымдары, әдіскерлері бірлесе, қолда бар пәндердің цифрлы оқыту контенттерін бірлесе, сапалы дайындауға күш біріктіреді.

Педагогикалық жоғары оқу орындарында педагог кадрларды кәсіби тұрғыдан даярлау жүйесін жетілдіру және болашақ педагогтердің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыруда шетелдік ЖОО-мен коллаборативтік ынтымақтастық орнатудың маңызы зор.

 2

3

Клара  БУЗАУБАКОВА

М.Х.Дулати  атындағы Тараз өңірлік университетінің «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., Жоба жетекшісі

Прочитано 586 раз
Top