ОЙ БӨЛІСІП, СЫР ШЕРТІСТІ

Әр адамның ішкі әлемі тұңғиық сырға толы. Жаныңдағы адамды жақсы тану үшін оның жандүниесіне үңілу қажет. Десек те, өзге емес, кейде өз жан дүниемізде болып жатқан өзгерісті түсінбей, өзімізді бағалай алмай жатамыз. Ұжымдағы қарым-қатынасты реттеу үшін әріптесіңді танып, болмысын біліп, ортақ тіл табыса алу маңызды. Осы мақсатта психолог мамандар Айгүл Абдрахманова мен Шынар Бүйенбаева «Ұжымдағы жағымды қарым-қатынас» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Тренингке Әлеуметтік жұмыс басқармасы ұжымы, Ақпарат және медиакоммуникация орталығының қызметкерлері, Мұражай меңгерушісі және Жастар ұйымының мүшелері қатысты.

Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек аталмыш іс-шара ұжымдық бірлікті нығайтуда, ауызбіршілікті арттыруда маңызды екенін айтып, адам өміріндегі негізгі құндылықтарға тоқталды. Бала тәрбиесі, ортаның маңызы, ұжымдағы қарым-қатынас, адамгершілік, кішіпейілділік сияқты игі қасиеттер жайлы толғамды ойын айтты.

Тренинг барысында сурет салу, ойыңды жазу, бір-біріне жылы лебізін білдіру арқылы ойын түрінде бірнеше психологиялық анализ жасалды. Әр қатысушы өз пікірін айтып, өзгелерді тыңдады. Топтық жұмыстар орындап, өзара бірлесе отырып тапсырмаларды орындады.

Ұжымдық қарым-қатынасқа оң ықпалын тигізетін бұндай іс-шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

2

3

4

Прочитано 608 раз
Top