«БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН МАСШАБТАУ» ОҚЫТУ КУРСЫ БАСТАУ АЛДЫ

М.Х.Дулати атындағы  Тараз  өңірлік  университетінде 38 оқытушы  Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім  министрлігі    жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру  Комитетінің қолдауымен  «Орта білім беруді  жаңғырту»  жобасы аясында   жаңаша бағытта педагог маман даярлауға арналған  «Білім беру  бағдарламаларын  масшабтау»  тақырыбына  арнайы оқыту курсынан өтуде.

Оқыту  курсының мақсаты –  білім беруді жаңғырту жағдайында педагогикалық құзыреттілік салаларын арттыру, инновациялық  білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге асыру үшін сындарлы келісу қағидаларын ескере отырып, оқу бағдарламасын (силлабус) әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Курс  тыңдаушылары   заманауи педагогикалық білім беру үрдістері; студентке бағытталған оқыту; оқыту және оқу әдістері; бағалау саясаты, формалары мен жүйесі; қолайлы  заманауи білім беру ортасы; педагогтердің IT құзыреттілігі және цифрлық педагогика  бойынша  кәсіби білімдерін шыңдайды.

1

3

4

Прочитано 662 раз
Top