КӘСІБИ БАҒДАР БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

«Маркетинг және кәсіптік бағдарлау» басқармасының ұйымдастыруымен  жаңаша бағытта «Ата-ана-Мектеп-ЖОО» айдарымен кәсіптік бағдар бойынша дөңгелек үстел өтті. Аталған жиынға мектеп директорлары мен ата-аналар және факультет  декандары қатысты.

Басқарма басшысы Алуа Назарбекова алғы сөзінде жиынның мақсаты мен маңыздылығы туралы айтты. Дулати университеті, оқу ордасында студент үшін жасалған жағдайлар мен білім бағдарламалары жайында толық ақпарат берді.

Кәсіптік бағдар берудің басты мақсаты –  университеттің білім беру бағдарламалары мен студенттік өмір жайында, гранттар мен жеңілдіктер, қос дипломды білім беру бағдарламалары туралы толықтай хабардар ету. Сонымен қатар, жиын барысында оқу ақысы, оқуға түсуге қажетті құжаттар, өтініштерді қабылдау мен шығармашылық емтихандарды тапсыру мерзімдері мен маңыздылығы туралы мәліметтер айтылды.

Қатысушыларға университет жайында толық ақпарат беріліп, дөңгелек үстелге қатысқан декандар  ата-аналар  қойған сауалдарға  жауап берді. «Педагогикалық психология» кафедрасының аға оқытушысы Бақыт Әлмұратов  мамандық таңдау барысында білім алушының  әлеуметтік-психологиялық жай-күйінің ерекше маңыздылығын атап өтті. Мамандық таңдауда ата-ана баласының ойымен санасып, пікірін тыңдау керегі де баса айтылды.

Ана мен бала арасындағы ықыласты байқау мақсатында,  «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы  Құралай Сайлыбаева аналарға өзіндік бағалау тренингін жүргізді.

2 2

3 2

4 2

Прочитано 647 раз
Top