Оқу-жаттығу жұмысы өтті

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында өрт, жер сілкінісі қаупі төнген жағдайда адамдарды жедел құтқару операциясы көрсетілді. Жаттығу барысында дабыл қағылып, студенттер мен қызметкерлер белгіленген уақытта ғимараттан шығарылды. Төтенше жағдай кезінде ғимаратта қалып қойған адамдарды мамандар сыртқа алып шығып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Студенттер мен қызметкерлерге өрт, жер сілкінісі жағдайында өздерін қалай ұстау керектігі, қауіпсіздік ережелері, қайда хабарласу керегі турасында ақпарат берілді.

Төтенше жағдайлар қызметінің жұмысы қауырт. Кез-келген уақытта күтпеген жерден оқыс оқиға орын алуы мүмкін. Төнген апаттың бетін қайтару үшін мамандардың дайындығы, біліктілігі, батылдығы мен білімі жоғары болу керек. Қиын жағдайда шешім тауып, адамдарды құтқару үшін мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Осындай біліктілікті арттырып, дайындық жұмыстарын өткізу мақсатында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өрт бола қалған жағдайда қандай әрекет жасау керегін пысықтау үшін тактикалық жаттығу жұмысын жасап, көрсетті.

Бұл оқу-жаттығу жұмысы арқылы өрт сөндірушілер жеке құрамының қызыл жалынды ауыздықтап, адамдарды қауіпсіз аймаққа көшірудегі дайындығы тексерілді.

1

3

2

 

Прочитано 494 раз
Top