Менеджерлерді дайындау курсы басталды

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті 2024 жылғы 4 наурыз бен 30 мамыр аралығында әкімшілік-басқару, академиялық және ғылыми блок құрылымдық бөлімшелерінің 130 басшысын, декандар мен олардың орынбасарларын, университеттің «Стратегиялық өзгерістерді енгізу» және «Операциялық менеджмент» кафедра меңгерушілерін оқыту басталды. Бұл «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ-ның 2023-2029 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыруға септігін тигізбек.

Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова аталған іс-шараны ашып, жоғары білім және ғылым жүйесінде, стратегиялық менеджмент, академиялық және зерттеу саясаты саласында басқару және талдау тәжірибесі бар жаттықтырушы Шоман Сұлтанбекті таныстырып өтті.

Аталған семинар-тренинг шеңберінде университеттің стратегиялық құжаттарын іске асыру және операциялық қызметтің тиімділігін арттыру тәсілдерін зерделеу жоспарлануда. Қатысушылар «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ 2023-2029 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру үшін стратегиялық өзгерістерді сәйкестендіріп, енгізе алады және кейіннен тәжірибеде білімді қолдану үшін іс-қимылдар жоспарын әзірлей отырып, операциялық басқаруды оңтайландыруға арналған құралдарды игереді. Оқыту барысында кешенді курстың материалдарының меңгерілу деңгейін анықтау үшін тестілеу өткізіледі.Сонымен қатар,тыңдаушылар алған білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыру мақсатында жобалау топтарында жұмыс істейтін болады. Жобалау топтарындағы жұмыс нәтижелері бойынша жобалау жұмыстарын қорғау ұйымдастырылады.

семинар 4ы11111

photo 5418229144191359002 y

семинар4ы33333

 

 

Прочитано 616 раз
Top