КИНО КӨРЕРМЕНДІ ТӘРБИЕЛЕЙДІ

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және Әлеуметтік жұмыс басқармасының ұйымдастыруымен «Тәрбие лагері» бейнефильмінің презентациясы көрермен назарына ұсынылды.

Фильмді тамашалауға кино режиссері - Елжан Жармухамедов пен рөлдерді сомдаған актерлер, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

Шараның негізгі мақсаты – адал, парасатты, тәрбиелі ұрпақ қалыптастырып, жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу.Туындыны Жамбылдық «Kaz production» кино орталығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытында түсірген. Басты рөлді белгілі актер Рүстем Жаныаманов сомдап шықты.

Режиссердің сөзінше, жастарға тәлім-тәрбие беретін отандық туындыда өмірде кездесетін көптеген қайшылықтар мен қиындықтар баяндалады.Фильм сюжеті бойынша Бауыржан атты тәрбиеші жасөспірімдер тобынан құрылған жасақты арнайы лагерьге ата-аналарының жіберуі бойынша қабылдайды. Арнайы жасақтың құрамы дөрекілікке, тәртіпсіздікке, ұрлыққа, бұзақылыққа жол берген оқушылардан құралған. Бейнефильм барысында тәрбие лагерінен өткен жастардың жақсы жаққа бет бұрып, ата-ана қадірін, адалдық және әділдік қағидаттарының маңыздылығын түсініп, өмірге көзқарастары өзгергенін көруге болады.

Тектілігі тереңге тамырланған қазақ халқы бала тәрбиесіне баса назар аударған. Тал бесіктен бастап баланың тәрбиесі мықты болуына мән беріп, бала бойына адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңірген.

Аталған бейнефильм «Kaz production» ютуб каналына жүктеліп, бүгінгі күнге 1 млн астам қаралым жинаған. Алдағы уақытта осы бейнефильмді облыстың барлық білім беру мекемелеріне, колледжер мен жоғары оқу орындарына жолдап, жастардың қарауына ұсыныс берілетін болады.

тарбие лагеры1111

тарбие лагеры2222

тарбие лагеры3333

 

 

 

 

Прочитано 546 раз
Top