ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР» ФАКУЛЬТЕТІ«ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ

 Жалпы орта білім беретін мектеп түлектері арасында қашықтан өткізілетін «МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАЙМЫН!» атты РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

Құрметті мектеп бітіруші түлектер!

2024 жылдың 29 сәуірінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті қашықтан өтетін «МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАЙМЫН!» атты Республикалық педагогикалық олимпиадасына қатысуға шақырады. Педагогикалық олимпиадаға жалпы орта білім беретін мектептердің бітіруші түлектері қатыса алады.

 

«МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАЙМЫН!»

ҚАШЫҚТАН ӨТКІЗІЛЕТІН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

 

ОЛИМПИАДАНЫҢ ӨТКІЗІЛУІ

    29 сәуір, 2024 жыл

Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – Цифрлы Қазақстан жағдайында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін жаңғыртуда педагогикалық кадрлардың дайындық сапасын арттыру мақсатында педагог мамандығына талантты түлектерді тарту.

         Педагогикалық олимпиаданың міндеттері:

-       жалпы орта білім беретін мектептердің дарынды түлектерін іріктеу;

-       педагогикалық мамандыққа жалпы орта білім беретін мектептердің талантты түлектерін тарту;

-       педагогикалық мамандықты таңдауда мотивация беру, мектеп бітіруші түлектердің сындарлы ойлау және креативті қабілеттерін дамыту;

-       педагогикалық кадрларды дайындау сапасын арттыру мақсатында МЕКТЕП-ЖОО коллаборациясы негізінде мектеп түлектері арасынан өздеріне лайықты ізбасарларды дайындау.

ОЛИМПИАДА БАҒДАРЛАМАСЫ

Олимпиаданы өткізу тілі:

қазақ және орыс тілдері

Олимпиаданың іріктеу кезеңі

онлайн форматта өтеді

ТУР АТАУЫ

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

ТАЛАПТАР

«ЭРУДИТ»

білімділер сайысы интеллектуалды тур

 

Тест   24.04.24 ж.

Googleforms жүйесі арқылы ZOOM платформасында өткізіледі

 

Жоғары балл – 50 балл:

Тест 50 сұрақтан тұрады,әр пән бойынша 20/15 сұрақтар қамтылады:

1.Математикалық сауаттылық;

2.Қазақстан тарихы;

3. Оқу сауаттылығы.

 

«ЭРУДИТ» білімділер сайысы интеллектуалдық тур

Бұл турда мектеп бітіруші түлектердің теориялық білімдері бағаланады.

Қатысушылар негізгі пәндер бойынша тест сұрақтарына жауап береді. (Тест мектеп бағдарламасының екі бағыты бойынша таңдаған пәндерінен сұрақтарды қамтиды: гуманитарлық және жаратылыстану циклдері).

Ең жоғары ұпай – 50 балл: Әрбір дұрыс жауап үшін – 1 балл, 45 және одан көп балл жинаған қатысушылар келесі кезеңге өтеді.

«БІЛІМДІНІҢ ҚОЛЫНДА АЛТЫН ШЫРАҚ» ғылыми жоба/ Менің алғашқы инновациялық жобам

«ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГ КЕЛБЕТІ» тақырыбында ғылыми жоба

Жоғары ұпай –10 балл:

1)      Материалдың мазмұнға сәйкестігі, тақырыптың өзектілігі, ұсынатын идеяның бірегейлігі –            3 балл;

2)        Ғылымилығы (жаңашылдығы) – 4 балл;

3)Практикалық мазмұндылығы – 3 балл.

«ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГ КЕЛБЕТІ» тақырыбында ғылыми жоба дайындау.

Көлемі: 10 бетке дейін.

Шрифт– Тimes New Roman, кегль – 14, Жол аралық–1.

Ғылыми жоба материалдарын келесі электронды поштаға жіберу қажет:Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Ғылыми жоба антиплагиат бағдарламасынан сұрыпталады. Қажетті 70% және одан   жоғары пайыздық көрсеткіш иеленген жұмыстар ғана қабылданады және келесі турға жіберіледі.  

«Егер МЕН педагог   болсам, онда ... » инновациялық

ой-толғау

Жоғары ұпай –10 балл:

1)  сыни ойлаудың болуы, креативтілігі – 3 балл;

2)  инновациялық мазмұндылығы – 4 балл;

3)  жобаның практикалық мәнділігі – 3 балл.

«Егер МЕН педагог   болсам, онда ... » инновациялық ой-толғау еркін форматта ұсынылады: ғылыми жоба/эссе/ постер/ авторлық бейнеролик және т.б. ұсынуға мүмкіндік беріледі.

Қорғау уақыты: 3-5 мин.

Жұмыс материалдары алдын-ала Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жіберіледі.

 

ОЛИМПИАДА ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ

 

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ

МАРАПАТТАУ

Олимпиада жеңімпаздары I, II, III дәрежелі   дипломдармен марапатталады.

Ең үздік нәтиже көрсеткен талапкерлерге Дулати университетінде 2024-2025 оқу жылында төмендегідей жеңілдіктер қарастырылады:

1)  100% жеңілдікпен гуманитарлық бағыт бойынша білім алуға сертификат беріледі;

2)100% жеңілдікпен ғылыми-жаратылыстану бағыт бойынша білім алуға сертификат беріледі;

3) 50% жеңілдікпен білім алуға сертификат беріледі.

Олимпиадаға қатысу үшін өтініш пен жұмысты 2024 жылдың 23 сәуіріне дейін келесі электронды пошта арқылы жіберу қажет:

Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

(А қосымшасын қараңыз).

Педагогикалық олимпиадаға қатысушының өтініші А қосымшасы

 

Білім беру мекемесінің толық атауы             

 

Қатысушының толық аты-жөні, байланыс телефоны, электронды поштасы    

 

 

Жетекшісінің аты-жөні, байланыс телефоны

 

Байланыс телефондары:

БУЗАУБАКОВА

Клара Джайдарбековна

8-705-720-18-56

БУПЕТАЕВА

Сауле Жакиповна

8-775-404-84-50

АУБАКИРОВА

Салтанат Аубакировна

8 705 618 88 49

 

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:

Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы

Жамбыл даңғылы 16 а

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті

«Педагогика» кафедрасы

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТҚАНЫҢЫЗ ҮШІН ҮЛКЕН РАХМЕТ!

СІЗДІ АСЫҒА КҮТЕМІЗ!

           
Прочитано 687 раз
Top