Облыстық әдістемелік семинар

Дулати университетінде «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көрсетілетін арнайы және әлеуметтік педагог қызметінің маңызы» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты - заманауи инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен түзете-тәрбиелеу және дамыту жұмыстарын жүргізудің тиімді тұстарын игере отырып, күнделікті қолдану, жүзеге асыру барысында жинақталған тәжірибемен бөлісу, өзекті сұрақтарды талқылау, мәселелерді шешу үшін диалог алаңын құру. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының арнайы және әлеуметтік педагог мамандарына арналған әдістемелік-семинар негізінде практикалық тәжірибе алмасу.

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы, қауымдастырылған профессор Айсұлу Тұрарова семинар тақырыбы төңірегінде сөз қозғап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Іс-шараның модераторы кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Г.Е. Санай ұйымдастырылған жиынның маңыздылығына тоқталып, аталмыш жиын арқылы тәжірибе алмасудың артықшылықтарын атап өтті.

Облыстық №3 «Мейірім» арнайы мектеп-интернатының сурдопедагог маманы Гүлнәр Дәндібаева «Есту қабілеті бұзылған балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажжетілік» тақырбында баяндама жасады. Осы мектеп-интернаттың әлеуметтік педагог маманы Алтынай Алмабекова «Арнайы білім беру ұйымындағы әлеуметтік педагогтің кәсібилік сапасы» тақырыбы бойынша баяндама жасап, тақырыпты тарқатып айтып берді.

Әдістемелік семинар аясында оқушылар өнер көрсетіп, түрлі ойындарға қатысты.

пед1111

пед2222

пед3333

 

 

Прочитано 434 раз
Top