«ШОҚ ТІЛДІ ШОНА» АТТЫ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Ақын, жазушы, ұстаз, қазақ сатирасының серкесі, қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі – Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай «Шоқ тілді Шона» атты кеш ұйымдастырылды.

Кештің мақсаты – ақын, жазушының шығармалары арқылы жастардың әдебиетке деген таным-түсінігін шыңдап, ой-өрістерін дамыту.

Кешке арнайы «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Сәмен Құлбарақ пен оқытушылар,студенттер қатысты.

Сәмен Құлбарақ ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндама оқып, әйгілі сатириктің шығармашылығына кеңінен тоқталды. 

Шона Смаханұлы - қазақ әдебиетіндегі сатира жанрының дамуына үлкен үлес қосқан қаламгерлігімен қатар, қазақ тіліндегі мектептер мен балабақшалар ашу жолында тынбай күрескен қажырлы еңбегімен туған халқының ықыласына бөленген күрескер азамат. Елімізде бірнеше мектеп Шона Смаханұлының есімімен аталады. Солардың бірі – Тараз қаласы Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебі.

Кешке келген оқырман қауым Шона Смаханұлының шығармалары бойынша өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, маңызды мәліметтер мен ауқымды ақпараттар алып қайтты.

шона1111

 

 

Прочитано 560 раз
Top