Мемлекеттік қызметке тұру тәртібі түсіндірілді

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» факультеті мен «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының 4-курс студенттері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы Руслан Шамелұлы Шариповпен кездесті.

Департамент басшысы бітіруші түлектерге мемлекеттік қызметке тұру тәртібі, ерекшеліктері, қажет құжаттар, құжаттарды тапсыру мерзімдері, ауылдық жерлерге мемлекеттік қызметтерге тұру туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында уәкілетті орган берілген мәннен төмен емес (GPA 3,33) нәтижемен оқуын бітірген түлектер осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі басшылық емес лауазымдарға конкурс өткізілместен орналаса алатынын жеткізді. Конкурсқа түсетін үміткерлер 100 сұрақтан тұратын тест тапсырады.

мемл кез3051111

 

 

Прочитано 405 раз
Top