«JarIQ» интеллектуалды зияткерлік ойыны

Дулати университетінде 10-11 сынып оқушылар арасында «JarIQ» интеллектуалды зияткерлік ойыны өтті.Зияткерлік ойын ұлы ақын Абай Құнанбайұлының «Толық адам» концепциясы негізінде ұйымдастырылды. Интеллектуалды зияткерлік ойынның басты мақсаты – оқушылардың білімін тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу.Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ойын барысы 2 кезеңнен тұрады: топтық кезең және капитандар арасында сұрақ жауап кезеңі.Жарыста Жуалы, Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов ауданы және Тараз қаласының мектеп оқушыларынан 28 команда бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша:
Өзінің алғырлығымен капитандар арасындағы сайыста топ жарған 125 жеке меншік мектебінің 11- сынып оқушысы Бақдәулет Алпамысұлы «Үздік ойыншы» номинация иегері атанып, Дулати университетінде оқуға бір жылдық 100% жеңілдікке ие болды.

Топтық кезеңге келер болсақ;
III орын иегерлері Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің «Шах и Мат»командасы болды.
II орынды Достық жеке меншік мектебінің «Достық» командасы қанжығаға байлады.
125 жеке меншік мектебінің «125 us» командасы I орынды жеңіп алды.

Жарыс соңында жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, қаржылай сыйлықтарға ие болды

жарык новый главный

жарык 111 новый

жарык2222

 

.

 

 

 

Прочитано 610 раз
Top